banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 25 февраля, 2021 | қосқан shalqar | 180 рет оқылды

0

Азаматтарға арналған үкіметте жеке менеджер қызметі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді жеңіл және жылдам алуға мүмкіндік беретін сервистер қатарын көбейтуде. Олардың қатарында порталда автокөлікті онлайн қайта тіркеген автоәуесқойлар egov.kz, үйге жеткізу арқылы автоөлшемдік белгілер мен техпаспорттарға тапсырыс бере алады. Енді Азаматтарға арналған үкімет қазақстандық бизнестің қажеттіліктерін қарастырып, «дербес менеджер» сервисін іске қосты. Дербес менеджер — бұл клиентке жеке қызмет көрсету, клиенттің міндеттерін шешудің тиімді құралдарын, тиімді және стратегиялық дұрыс жолдарын табу міндеті бар маман.
Осы жоба шеңберінде жеке және заңды тұлғалар Мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ ала алады, дербес менеджер тек түпкілікті нәтиже бере отырып, барлығын өзі жасайды.

«Дербес менеджер көрсететін қызметтерді алу үшін Мемлекеттік корпорация мен қызмет алушылар арасында бекітілген баға прейскуранты бойынша қызмет көрсетуге шарт жасалады. Дербес менеджердің сервисін жеке тұлғалар,  ірі бизнес, екінші деңгейлі банктер, құрылыс компаниялары және т. б. өкілдері пайдалана алады. Қызмет нәтижесін қызмет алушы  айтқан жерге дейін әкеліп береді. Келісім шартты 1 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге жасасуға болады», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

«Дербес менеджер» сервисін енгізу ХҚО-ға түсетін жүктемені азайтады және қызмет алушылардың уақытын үнемдейтін көрінеді.

Қазіргі таңда дербес менеджерлер фронт-офистерде отыр. Алдағы уақытта дербес менеджерлер келісім бойынша құрылыс компанияларында да отыратын болады. Олар осы компаниядан алынған жылжымайтын мүлікті рәсімдеу қызметін көрсетеді

Жеке тұлғалар төлемді бірден жүзеге асыруы тиіс. Ал заңды тұлғалар қызмет ақысын атқарылған жұмыс актісіне сәйкес төлейді.

Уақытыңызды үнемдегіңіз келсе, жеке менеджер қызметіне жүгініңіз!




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑