..." /> Алматыда блок-бекеттер орнатылмайды - Шалқар газеті
banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 10 ноября, 2020 | қосқан shalqar | 326 рет оқылды

0

Алматыда блок-бекеттер орнатылмайды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 15 қарашадан бастап Алматыда блок-бекеттердің орнатылуы туралы тараған ақпартаттың мән-жайын түсіндірді.

Соңғы күндері алматылықтардың арасында және әлеуметтік желілерде Алматыда 15 қарашадан бастап блок-бекеттер орнатылады деген ақпарат тарай бастады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, бүгінде Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақты, қаланы жабу немесе блок-бекеттер орнату қажеттілігі жоқ.

«15 қарашадан бастап блок-бекеттер орнатылады» деген ақпарат жалған. Дегенмен қазақстандықтарды санитарлық ережелерді сақтауға, маска киюге және жиі қолдарын жууға, антисептик қолдануға шақырамын. Сонымен қатар әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет. Барлығы әр азаматтың қолында. Егер біз бәріміз қажетті санитарлық талаптарды сақтасақ, онда екінші толқынды болдырмай, вирусты жеңеміз», — деді Байтанаев.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑