banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 22 октября, 2021 | қосқан shalqar | 1 328 рет оқылды

0

Алматыда көліктің әдемі нөмірлеріне сұраныс көп

Көліктің әдемі мемлекеттік нөмір белгілеріне өткен жылмен салыстырғанда биыл сұраныс артқан. Жыл басынан бері «Азаматтарға арналған үкіметтің» арнайы бағалары арқылы Алматы қаласының өзінде 1 миллиард 660 миллион теңгеден аса сомаға жоғары сұранысқа ие 5 мыңнан аса мемлекеттік нөмір ресімделген.Өткен жылы осы уақыт аралығында 918 миллион 519 мың теңгеге 3 мыңнан аса нөмір алынған болатын.

Республика бойынша 2021 жылы 9 ай ішінде 4,4 млрд теңгеге VIP нөмірлер сатылды. 2020 жылы бұл көрсеткіш — 3 миллиард 29 миллион теңге сомасында болып, 9141 әдемі нөмір берілген. Оның ішінде, ең көп сұраныс Алматы қаласында -5053, одан кейін Түркістан облысы – 2371 және Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары  1757 нөмір алған. Ал, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары әдемі нөмірге аса қызығушылық танытпайтындарын байқатқан, бар болғаны  – 129 алынған.

«Алматы қаласының өзінде өткен жылдың қыркүйек айында 582 нөмір белгісі үшін бюджетке 1 миллион 608 мың теңге қаржы түссе, осы жылғы қыркүйек айында 708 нөмірге сұраныс болып, қазынаға 2 миллион 426 мың қаржы түскен. Осылайша, алматылықтар көліктерге арналған әдемі нөмірлерге көп ақша жұмсай бастаған», — дейді  «Азаматтарға арналған үкіметтің» арнайы бағалары арқылы Алматы қаласы филиалының директоры Ермек Бекжүнісов.

Әдемі комбинациялардың құны — 010, 020, 030 немесе 707 сияқты сандардың комбинациясы шамамен 166 мың теңге тұрады. Егер цифрларға XXX, YYY немесе MMM сияқты әріптердің тіркесімі қосылса, құны 332,5 мың теңгеге дейін артады.
100, 111, 900 немесе 999 сияқты сандардың комбинациясы 400 мың теңгеден сәл аз тұрады. Бірдей әріптердің үйлесімімен бірге құны 566 мың теңгеге дейін өседі.
Мемлекеттік өлшемдердегі ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 XXX, YYY, MMM және AAA әріптерінің тіркесімімен бірге. Мұндай VIP нөмірлер 831,3 мың теңге тұрады.
Еске салайық, автокөліктегі әдемі мемлекеттік нөмір 2014 жылдан бастап ресми түрде сатыла бастады.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑