banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 25 февраля, 2021 | қосқан shalqar | 225 рет оқылды

0

Алматылықтар көлікті тағы бір автоорталықта қайта рәсімдей алады

1 наурыздан бастап алматылықтарға көлікті қайта тіркеу үшін қала сыртына шығу қажет болмайды. Бұрын №1 мамандандырылған ХҚО-да (Саялы шағын ауданы) көлік құралдарын сатып алу-сатуды ресімдеу бойынша қызмет көрсеткен барлық операторлар «Avtodom» автокешенінің ғимаратына көшіріледі. Осыған байланысты 27 ақпанда №1 мамандандырылған ХҚО қызмет көрсетпейді.

Осы жылдың басында «Avtodom» сауда орталығында шағын бұрыш ашылды, онда көлікті қайта тіркеу қызметін тек бір оператор ғана ұсынған болатын. Мемлекеттік корпорация бұл бұрышты кеңейтіп, автоХҚО-ның толыққанды секторына айналдыру туралы шешім қабылдады.

Біз халық ең көп баратын мамандандырылған ХҚО жүктемесін азайтып, алматылықтар үшін қайта тіркеу қызметін ыңғайлы жерден ала алатындай ету маңызды болды. Жаңа локация қала сыртына шықпай-ақ, сатып алынған машинаны қайта ресімдеу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Біз тіркеу бөлімінің 50 маманын осы секторға көшіруді жоспарлап отырмыз.

Пандемияға қарамастан, халыққа қызмет көрсету орталықтары клиенттерінің саны азайған жоқ. Өткен жылы алматылықтарға автокөліктерді қайта тіркеу бойынша 608 мың қызмет көрсетілді, бұл республика бойынша көрсетілген қызмет көлемінің 24%.

Саялы ықшам ауданындағы №1 мамандандырылған ХҚО-да алматылықтар бұрынғыдай жүргізуші куәлігін ресімдеуге байланысты мемлекеттік қызметтерді алуды жалғастырады. Атап айтқанда, теориялық, практикалық емтихандарды тапсыру, жүргізуші куәлігін жоғалуына және мерзімінің аяқталуына байланысты ауыстыру, қосымша жүргізуші категориясын алу және т. б. қызметтері.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтар автоқызметтерді онлайн түрде eGov.kz және kaspi.kz қосымшасы арқылы рәсімдей алады.

Анықтама үшін:

Жүргізуші куәлігін алу кезінде практикалық емтихан тапсыру және медициналық тексеруден өту Саялы және Кемел шағын аудандарының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылады. Бұдан басқа, автокөлікті ресімдеу бойынша шағын бұрыштар ALLUR AUTO, Astana Motors және Aster Auto салондарында жұмыс істейді.

Алматыда барлығы 5 автоХҚО жұмыс істейді. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз.

Алматы қаласындағы мамандандырылған ХҚО-лардың мекенжайлары:

— «Avtodom» мамандандырылған ХҚО секторы, Сәтбаев к-сі 90/21

— Алатау ауданы, Саялы шағын ауданы, Ақ Қайнар көшесі, 1 (жүргізуші куәлігін ресімдеу)

— Түріксіб ауданы, Майлин көшесі, 85

— Жетісу ауданы, Серіков көшесі, 6а

— Түріксіб ауданы, Қайрат шағын ауданы, 181-182 к2

— Жетісу ауданы, Кемел шағын ауданы, Ақсуат көшесі, 118

 




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑