banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 30 сентября, 2022 | қосқан shalqar | 140 рет оқылды

0

Алматы қаласындағы арнайы күшейтілген орталықтың мекенжайы өзгерді

Алматы қаласындағы арнайы күшейтілген орталықтың мекенжайы өзгерді, — деп хабарлайды халықаралық Shalqar.kz порталы.

Алматы қаласына келіп жатқан шетелдік азаматтардың мемлекеттік қызмет алу сұранысына орай күшейтілген қызмет көрсету орталығы ұйымдастырылған болатын. Шетел азаматтарының жаппай келу легін ескере отырып, күшейтілген ХҚО қызметін басқа кең ғимаратқа көшіру жөнінде шешім қабылданды.
Енді, шетелден келген қызмет алушылар «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру» мемлекеттік қызметі бойынша Алматы қаласы, Жетісу ауданы, “Құлагер”шағынауданы, Қазыбаев көшесі, 286В, “Құлагер” денешынықтыру-сауықтыру орталығы ғимаратына келуге болады.
Назар аударыңыздар! Өтініштер жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін қабылданады.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑