banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 27 мая, 2023 | қосқан shalqar | 153 рет оқылды

0

Алматы қаласындағы №2 мамандандырылған ХҚО-ның мекенжайы өзгеруде

Алматы қаласының №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы 27 мамырда жаңа мекенжайға көшеді.

Енді азаматтарға ыңғайлы және сапалы қызмет көрсету үшін ол Майлин көшесі, 240а мекенжайындағы «Allur авто» ғимаратында орналасатын болады.
Айта кетейік, дүйсенбі, 29 мамырда мамандандырылған ХҚО жаңа мекенжай бойынша штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Клиенттер үшін біршама қызметтің онлайн түрде қолжетімді екенін естеріңізге саламыз.

Қажетті мемлекеттік қызмет туралы 1414 Бірыңғай байланыс орталығы және @kenes1414Bot Telegram-боты арқылы білуге болады, сондай-ақ корпорацияның әлеуметтік желілерінде де жауап беріледі.
Алматыда 4 мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді. Олар:
№ 1 МХҚО бөлімі – Саялы ш/а, Аққайнар к-сі, 1;
№ 2 МХҚО бөлімі – Майлин к-сі, 240а; (Автодром жоқ).
№ 5 МХҚО бөлімі – Түрксіб ауданы, Қайрат ш/а, Құлжа даңғ., 9 км; (Автодром жоқ).
№ 6 МХҚО бөлімі — Кемел ш/а, Ақсуат к-сі, 118.

Мамандандырылған ХҚО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Автокөліктерді заңдастыру науқанына байланысты сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑