Алматы-2 вокзалынан өрт шықты
29 қарашада Алматы-2 вокзалынан өрт шықты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сағат 14:08-де Алматы қаласы Абылайхан даңғылы, 1 мекенжайында орналасқан Алматы-2 вокзал ғимаратының төбесі өртеніп жатқаны туралы хабар түсті.
«29 қараша күні сағат 14:08-де Алматы қаласы Жетісу ауданы Абылайхан даңғылы, 1 мекенжайында орналасқан Алматы-2 вокзалының ғимараты, атап айтқанда вокзал ғимаратының төбесі өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері — жеке құрамнан 43 адам және 14 техника жұмыс істеп жатыр. 100 шаршы метр аумақта вокзалдың бас ғимараты шатырының ағашы өртенді. Адамдар ғимараттан өз бетінше шығып кетті, ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген министрлік хабарламасында.
Вокзал штаттық режимде жұмыс істеп тұр.