banner-top12

Керек баған

Уақыты 12 января, 2021 | қосқан shalqar | 76 рет оқылды

0

Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау

Баршаңызға сәлем! Бүгінгі «Керек баған» айдарында асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау мемлекеттік қызметі жайлы айтатын боламыз.
-Әрине, ең алдымен ХҚО-ға кезекті алдын ала онлайн брондап баруды ұсынамыз;
Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;
ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсырып, өтініш беріңіз:
Жеке куәлік;
Балалардың туу туралы куәліктері;
Отбасы асыраушысының қайтыс болғаны туралы куәлік;
Егер жоғары оқу орнында оқитын балалар бар болса, оқу орнынан анықтама;
Әлеуметтік төлемдер түсуі үшін банк есепшоты жайлы құжат;
Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда — 8 жұмыс күні.
Есіңізде болсын!
Бұл әлеуметтік төлем жоғарғы оқу орнында оқитын балалар 23 жасқа толғанға дейін, оқу орнынан жыл сайын анықтама ұсынылған кезде ғана төленеді.
Ал жоғары оқу орнына түспеген балалар үшін төлем 18 жаста тоқтатылады.

Әлеуметтік төлем мөлшері отбасындағы бала саны, балалардың тұл жетім қалуларына байланысты және қайтыс болған адамның мәртебесіне (ҰОС ардагері, әскери қызметкер) қарай анықталады:point_up:




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑