banner-top12

Әлем жаңалықтары

Уақыты 23 января, 2021 | қосқан shalqar | 452 рет оқылды

0

Ахмет Байтұрсынұлының үйі сатылғалы жатыр

Әлеуметтік желіде: «…Ахмет Байтұрсынұлының Орынбордағы үйі сатылғалы жатыр»  деген ақпарат тарады. Қандасымыз, Ресейдегі қазақ қауымдастығының белсенді азаматы Жарқын Үтешова бұл мәселе хақында өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті:

 — БӘРІҢЕ; БӘРІҢЕ; БӘРІҢЕ!  БҮКІЛ ҚАЗАҚ БАЛАСЫНА! Орынбордағы Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ үйі сатылғалы жатыр. Бұл үйді қорғап қалу керек. Тарихымыздың басы, АЛАШТЫҢ АЛТЫ БАЛАСЫ жиналған үйді  ҚАЗАҚСТАН сатып алып МУЗЕЙГЕ айналдыруы керек.КӨМЕК КҮТЕМІЗ! БАРЛЫҚ ҮН ҚОСҚАН БАУЫРЛАРҒА РАҚМЕТ! — дейді мирасқа адалдық танытқан азамат.
      Қазаққа жат емес Орынбор қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлының шаңырағы — екі қаббатты шағын ғимарат. Бірінші қабаты — шаруашылық бөлмесі, екіншісі — флигель(Іс-қағаздар, шаруашылық үйі). Айта кетерлігі, Ахаңның шаңырағы бұрын мемлекеттің қарамағында, үкіметтің қорғауында болған. Тіпті, үйдің сыртындағы ескерткіш тақты-белгі де сол қалпында сақталыпты. Дегенмен Ресей әкімшілігі Орынбордағы қазақ қоғамдарының бұл үйді мұражайға айдардыруға қатысты ұсынысын қабылдамаған. Содан бері ғимараттың есігіне қара құлып ілініпті.
Жарқын Үтешова:
     — Мен өзім бұл жерде 2017 жылы болдым, үй жабық болды. Біз ішін көре алмадық. Соңғы жылдары белгісіз жағдайлармен жекешеленіп кеткен. Қазіргі мәлімет бойынша, екі қабатты үй қонақ үйі ретінде пайдаланылады, ал флигельде қожайыны тұрады.
Возможно, это изображение (стоит)
      Қоғам белсендісі бұл жағдаятқа қатысты қазақ билігі мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мүшелерінің бей-жайлық танытпауын өтініп, баршамызға ұлт мұрасын ұлықтауда асқан үлгі көрсетіп отыр.
Дастан Қастай
«Shalqar» ақпараттық-танымдық порталы

 




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑