banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 8 июня, 2022 | қосқан shalqar | 2 674 рет оқылды

1

Ақтөбе қаласындағы су апатынан зардап шеккендерге 128млн теңге бөлінді

Қала әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, Ақтөбедегі су тасқыны кезінде 142 тұрғын үй зардап шеккен, оның ішінде 36 үй Алматы ауданында және 106 үй Астана ауданында. Арнайы комиссиямен 122 тұрғын үйге қатысты бағалау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде тәуелсіз бағалаушылар 127 млн 970 мың 095 теңге көлемінде шығын құнын белгіледі.

Сонымен қатар, комиссия жұмысы барысында 22 үйдің меншік иелерінде, негізінен саяжай алқаптарында тұрғын үйге арналған құжаттар жоқ екендігі анықталды, сондықтан оларды жөндеуге бюджеттен қаражат бөлуге мүмкіндік жоқ. Осыған байланысты, демеушілер тарапынан көмек ұйымдастырылады.

«Біз тұрғындарға өтемақы төлеу бойынша барлық дайындық жұмыстарын аяқтадық. 142 үй зардап шекті, өкінішке орай 22 үйдің құжаттары жоқ және төлем жасауға негіз жоқ. Бірақ, тасқыннан зардап шеккен бірде-бір тұрғын көмексіз қалмайды. Біз оларға құжаттар жасауға кеңес бердік, бағалау компаниясы ақаулы актілер бойынша залалды анықтап, кейін қаражат төленеді. Бұл бюджеттен тыс қаражат есебінен төленеді.

Қазір құжаттарды тапсырып жатқан зардап шеккендермен кездесулер өткізудеміз. Ақша қалалық бюджеттен бөлінеді, оны біз зардап шеккендердің шоттарына аударамыз. Әрбір зардап шегушіге залалды бағалауға сәйкес бөлінеді, бағалау компаниясы есептеулер жүргізді. Бұл сома 100 мыңнан 3 млн теңгеге дейінгі соманы құрады», — деді Асхат Шахаров.




One Response to Ақтөбе қаласындағы су апатынан зардап шеккендерге 128млн теңге бөлінді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑