banner-top12

Әлем жаңалықтары

Уақыты 22 января, 2021 | қосқан shalqar | 129 рет оқылды

0

АҚШ президентінің протокол басшысы міндетін атқаратын қазақ қызы

Қазақ елінде дүниеге келген қарагөз қарындасымыз Асель Робертс АҚШ президенті протоколы басшысының міндетін атқарушы болды, деп хабарлайды АҚШ үкіметінің сайты.

Әсел К.Робертс 2021 жылы 20 қаңтарда АҚШ протоколы бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Хаттама бастығы кеңсесінде 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, соңғы уақытта аға кеңесші лауазымында болды.

Әсел Джорджтаун университетінің Эдмунд Уолш атындағы Халықаралық қызмет мектебін «Халықаралық құқық және ұйымдар» бакалавры бойынша бітірген Ол орыс, қазақ және жапон тілдерін біледі.

Бұған дейін дипломатиялық ортадағы дереккөздер Әсел Робертс (бұрынғы тегі  — Төленова) АҚШ президентінің хаттамасында жұмыс істеп жатқанын айтқан болатын.

Ол 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1993 жылы Джорджтаун университетіне оқуға түсіп, бес жылдан кейін АҚШ президентінің хаттама бөліміне қызметке орналасты. 2014 жылы ол бөлім бастығының орынбасары қызметіне дейін көтерілді.

Әсел Қазақстаннан АҚШ-қа жасөспірім кезінде көшіп кетіп, Америкада орта мектепті бітірген.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑