Қазақстандағы БҰҰ Қазақстандағы жур..." /> БАҚ байқауы: Қазақстан климаты үшін өзгерістер - Шалқар газеті

banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 7 июня, 2021 | қосқан shalqar | 2 621 рет оқылды

0

БАҚ байқауы: Қазақстан климаты үшін өзгерістер

Қазақстандағы БҰҰ Қазақстандағы журналистерді қоршаған ортаны жақсарту үшін өз шеберліктерін көрсетуге және 2500 АҚШ долларына дейінгі бағалы сыйлықтарға ие болуға, сондай-ақ Глазго қаласында өтетін COP26 Климат бойынша тараптар конференциясына жолдама ұтып алуға шақырады, — деп хабарлайды  Shalqar.kz.

Байқау Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінде (5 маусым) басталады және жеңімпаздар Халықаралық ашық аспан үшін таза ауа күні (7 қыркүйек) анықталады.

Климаттың өзгеруі Қазақстанға қалай әсер етеді және бұл біздің денсаулығымызға, экономикамызға, азық-түлікпен қамтамасыз етуге және біз өмір сүретін бүкіл табиғатқа нені білдіреді? Қазақстанда климаттың өзгеруіне бейімделу немесе оның салдарын азайту үшін қандай мүмкіндіктер бар?

«Біздің мақсатымыз — климаттың өзгеруі мәселесі туралы хабардарлықты арттырып, аталған тақырыпты қоғам күн тәртібінің басты сауалына айналдыру, адамдарды шешім табуға шабыттандыру және ынталандыру.

Адамзаттың қазіргі кездегі экстремалды климаттық жағдайы тиісті және жедел әрекеттерді талап етеді. Климаттың өзгеруі мәселесі қазіргі уақытта БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қазіргі заманның ең үлкен проблемасы деп атаған ең кең таралған және қауіпті дағдарыстардың бірі болып табылады. Климаттың өзгеруі біздің өмір сүруімізге қауіп төндіреді, сондықтан біз назарға тез арада басымдық беріп, әрекет етуіміз керек. Атап айтқанда, Париж келісіміне сәйкес жаһандық температураның 1,5 градусқа дейінгі деңгейін төмендету қажет. Елдердің, компаниялардың немесе азаматтардың климаттың өзгеруіне қарсы күрес күштері біздің планетамызға ғана емес, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына да пайдасын тигізуі мүмкін. COVID-19 пандемиясынан кейін жаңа, қалпына келген әлемді құру үшін климаттық әрекет аса маңызды,» — дейді ұйымдастырушылар.

 «Қазақстандағы климат үшін өзгерістер» БАҚ өкілдеріне арналған байқауға журналистер және блогерлер шақырылады. Басты шарттарының бірі жасыңыз 18-ден асқан, ҚР азаматы болуыңыз тиіс. Онлайн және БАҚ-та жарияланған материалдарды қабылдаймыз, аталған мақалалар 800 сөзден аспауы тиіс және 3 тілде жазылуы мүмкін. 1-3 жүлделі орындарына 2500, 1300 және 800 доллар көлемінде сыйақы қарастырылған,» — дейді ҚР БҰҰ-дағы баспасөз және коммуникацияларының кеңесшісі Эльнара Байназарова.
Бірінші орын жүлдегері осы жылы Шотландияда қараша айында өтетін климаттық саммитке қатысуға жолдама алады. Ең үздік танылған 10 мақала БҰҰ-ның арнайы сертификаттарына ие болмақ.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑