Биыл қандастарға 550 мемлекеттік білім гранты бөлінді - Шалқар газеті
banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 4 июня, 2021 | қосқан shalqar | 564 рет оқылды

0

Биыл қандастарға 550 мемлекеттік білім гранты бөлінді

Қазақстан Білім және ғылым министрлігі ЖОО-да білім алуға арналған стипендиялық бағдарламасы туралы хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан азаматығы жоқ қазақ ұлтының үміткерлерді шақырады.
Грант саны: бакалавриат – 490, магистратура – 50, PhD докторантура – 10.
Үміткерлер құжаттарды онлайн түрде 2021 жылғы 7 маусымнан 20 шілдеге дейін тапсыра алады. Толық оқу кезеңіне берілетін стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін өтініш қазақ, немесе орыс, немесе ағылшын тілінде толтырылады. Үміткерлер өтініш нысанын толтырған кезде келесі құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеуі қажет. Бакалавриат / магистратура білім беру бағдарламалары бойынша:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (бағалар көрсетілген қосымшамен бірге) (нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі аудармасы)
3) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе;
4) үміткердің білім алған оқу орнынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі ұсыным хат;
5) үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;
6) қазақстандық ЖОО-дан шақыру хат (бар болған жағдайда).
Бакалавриат / магистратура стипендиялық бағдарламасына қатысушы ЖОО тізімі
PhD докторантура:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (бағалар көрсетілген қосымшамен бірге) (нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі аудармасы)
3) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе;
4) үміткердің білім алған оқу орнынан немесе жұмыс берушіден ұлты туралы анықтама.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑