Бір мектепте жеті жылдан аса директор болғандардың барлығы тексеріледі
Елімізде бір мектепте жеті жылдан аса директор болғандардың барлығы тексеріледі.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың сөзінше, бір қызметте ұзақ жылдар бойы отыру жемқорлық тәуекелдерін арттырады. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының директорларын тағайындау рәсімдерінің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында министрлікте жоғары білікті мұғалімдердің базасы мен мектеп директорларының кадрлық резерві қалыптастырылмақ.
«Білім беру қызметінің барлық бағыттарын түбегейлі қайта қарап, сыбайлас жемқорлықты жою бойынша кешенді жұмыс жүргізу керек. Әрбір директор мен бухгалтердің қызметтегі мінез-құлқы, пайдакүнемдік мүддесінің болуы мұқият зерттелуі қажет. Облыстық білім басқармалары басшыларының жұмысы да осы көрсеткіштер бойынша бағаланатын болады», — деді министр.