banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 24 октября, 2021 | қосқан shalqar | 2 520 рет оқылды

0

Бұғатталмайтын әлеуметтік шот ашып алыңыз

Жәрдемақыларыңызға шектеулер қойылмасын десеңіз, өзіңізге әлеуметтік шот ашып алыңыз. Әлеуметтік шотты кез келген екінші деңгейдегі банктің мобильді қосымшасынан  тікелей ашуға болады. Ол үшін Сізге ХҚО қызметкеріне банк қосымшасынан жәрдемақы алғыңыз келетінін хабарлап, (мысалы Halykbank.kz, kaspi.kz және т.б.) телефон арқылы келетін хабарламадағы сілтеме бойынша әрекет етіңіз.

Бұл шоттың артықшылығы — әлеуметтік шотқа тыйым салынбайды және басқа шектеулер болмайды. Мұндай шоттан ақша алуға тыйым салынбаған. Банктер немесе сот орындаушылары одан қаражат ұстай алмайды

«Бұрын банктерде әлеуметтік шот болмаған. Жәрдемақыларына шектеулер қойылмауын өтініп жүгінген клиенттер көп болды. Сондықтан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы осындай өнімді іске қосты», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.

Клиент смартфондағы перделерді бір-екі рет басып ақ әлеуметтік төлемнен тұрақты шотқа ақша аудара алады. Клиент үшін іс жүзінде ештеңе өзгермейді. Ол қаржысын кез-келген уақытта әдеттегі шотқа аудара алады немесе әлеуметтік шоттағы ақшасын кез келген  банкоматтағы шешіп ала алады. (Kaspi Gold шоты —  Әлеуметтік шот емес. Заң бойынша Kaspi Gold-қа шектеу қойылмайтындай етіп жасай алмаймыз.)

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, осындай шоттағы ақша үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан қорғалған. Әлеуметтік шотты екінші деңгейлі банктің мобильді қосымшасынан немесе банк бөлімшелерінде ашуға болады.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑