35 жаста байымасаң, уақыттың бекер өтке..." /> Джек Мадан 30 пайдалы кеңес - Шалқар газеті

banner-top12

Керек баған https://www.google.com/url?sa=i&url=https%3A%2F%2Ffile.liga.net%2Fpersons%2Fma-djek&psig=AOvVaw2B4edocQZmVUJ56lmlRqLi&ust=1603537301310000&source=images&cd=vfe&ved=2ahUKEwjc24yLyMrsAhWYuioKHYFcBssQr4kDegUIARCQAQ

Уақыты 23 октября, 2020 | қосқан shalqar | 228 рет оқылды

0

Джек Мадан 30 пайдалы кеңес

35 жаста байымасаң, уақыттың бекер өткені. Джек Мадан 30 пайдалы кеңес«Жасыңыз 35-те, бірақ әлі бай болмасаңыз, жастық шағыңызды бекер өткізгенсіз», — деді бір сөзінде Ма

Мезгілінен бұрын әрі өз еркімен зейнетке шыққан басшы… Құлағыңызға түрпідей естіліп тұр ма? Қытайда компания президенті 54 жасына зейнетке шығып, қалған өмірін жан тыныштығына арнауға бел буған еді. Ол миллиардтан астам тұрғыны бар Қытайдың ең бай адамы.

Былтыр 10 қыркүйек Alibaba компаниясының президенті  Джек Ма 54 жасқа толды. Сонымен қатар ол күні Қытайда «Мұғалімдер күнін» тойлайды екен. Alibaba компаниясына дейін Джек Ма ағылшын тілінен сабақ берген. Зейнетке шыққаннан кейін де ендігі өмірінде ұстаздық етуге бел буыпты. Әрі қайырымдылықпен айналысуды ниет етіп отыр. Дәл қыркүйектің 10-ы, ұстаздар мерекесінде зейнетке шығып, ұстаздық жолды таңдауы да бекер емес болар. Джек Ма бұл күнді әдейі таңдады ма әлде сәйкестік пе, белгісіз, алайда ұлы адамның өмірінде сәтті сәйкестіктердің жиі орын алуын өз басым «ғажап» дер ем.

Дей тұрғанмен миллиардер бір ғасырдың жарты ғұмырында бар байлығын, жиған-тергенін өзге біреуге «оп-оңай» қалдырып кеткеніне сіз де таңырқап қалған боларсыз. Өзі бұл әрекетін түсіндіруге тырысыпты. Айтуынша, қайырымдылық іс пен ұстаздық етуден өзге де себептері бар.

The New York Times басылымының дерегіне сүйенсек, Ма Қытайдағы іскерлік ортаға көңілі толмайды. Мемлекеттік кәсіпорындар жеке компаниялардың жұмысына бөгет келтіреді. Ал өзінің зейнетке шығуын Джек Ма «жаңа дәуірдің бастамасы» деп санайды.

Forbes Джек Маның байлығын  $36,6 млрд-қа есептеп берді. 1999 жылы ашылған компаниясы бүгінде әлемнің ең ірі ритейлерлерінің біріне айналып отыр.

Bloomberg TV арнасына берген сұхбатында миллиардер қайырымдылықпен айналысқысы келетінін айтыпты. Компаниядан кеткен соң білім беру жобаларын қаржыландыратын қор ашқысы келеді. Билл Гейтстің ізімен жүруді қалайды.

Айта кетейік, Microsoft Word бағдарламасының негізін қалаушы Билл Гейтс 2015 жылы Африкаға барған сапарынан кейін қайырымдылық қорымен айналысқысы келетінін айтқан. Оның ойынша, дамымай қалған мемлекеттерге жоғары технология емес, тамақ пен дәрі-дәрмек керек.

Джек Ма адал еңбекпен байлыққа қол жеткізген жан. Ондай жандардың артынан қалар ұрпағына айтары да мол. Сол мол дүниесінің бір 5 пайызын болса да, оқырман назарына ұсынуды жөн санадық. Жаңадан бизнес бастағысы келіп жүргендер үшін төмендегі сөздер көмек болып қалар деген ниеттеміз.

1.Барлық дүниеден мүмкіндік іздеңіз.

Мүмкіндікті жақыннан іздемеңіз, әлемді шарлаңыз.

2.Кез-келген нұсқаны байқап көріңіз

Мүмкіндіктің жақсы-жаманы болмайды. Бәрін пайдаланыңыз. Іс бастауға тұрарлық кеңістікті байқасаңыз, оның табысты болуы үшін күш жұмсаңыз. Үлкен мақсатқа қадам ұсақ-түйек ойлардан басталады.

3.Ойланып жұмыс жасаңыз

Әр басқан қадамыңызды санаңызға түйіп жүріңіз. Бұл мақсаттың сізге қандай маңызы, пайдасы бар, неге дәл сол мақсатты бағындырғыңыз келеді – үнемі ойланып, жауап іздеп жүріңіз.

4.Жылдам қозғалыңыз

Табысқа жету үшін баяу қозғалуды доғарыңыз. Уақытты да жеңе біліңіз, бағындырыңыз.

5.Батыл болыңыз

Джек Ма компаниясын ашарда жобаның шығынға ұшыруы мүмкін екені жиі ескертілген. Бірақ миллиардер тәуекелге барып, компаниясын ашты. Есесіне бүгін әлемдегі ең табысты компаниялардың бірі.

6.Жастық шағыңыз — сіздің ең үлкен мүмкіндігіңіз

«Жасыңыз 35-те, бірақ әлі бай болмасаңыз, жастық шағыңызды бекер өткізгенсіз», — деді бір сөзінде Ма.

7.Кәсіби деңгейі сізден жоғары адамдармен жұмыс істеңіз.

Егер мамандарға жиі ақыл айтсаңыз, жаныңызға қажетсіз адамдарды жинаған екенсіз. Өз саласының нағыз маманы ақылды қажет етпейді, сізден озып түседі.

8.Табандылық – жеңіс кілті

Мақсатқа жетер жолда көп қиындықтарға жолығарыңыз ақиқат. Сондай сәтте сағыңыз сынбасын.

9.Қарым-қатынасыңыз мүмкіндіктеріңізден маңызды

Қиын кезеңде де, табысты сәтте де басшы сабырлы, сенімді болу керек.

10.Бизнес пен саясатты араластырмаңыз

Капитал – жанайын деп тұрған күл, ал саясат – жанып тұрған сіріңке. Екеуін байланыстырсаңыз, салдары өзіңізге ұнамауы мүмкін.

11.Бәсекелестеріңізді құрметтеңіз

Өзіңізге бәсекелес компанияға құрмет танытыңыз. Бәріне берілетін мүмкіндік бірдей. Сіздің бәсекелесіңіз де сіз секілді адам баласы, ол да қателесуге құқылы.

12.Жеңімпаздар жыламайды

Көңіл-күйіңізді түсіретін сәтсіздіктер міндетті түрде болады. Ал оларға арыздана берсеңіз, қиындықтар ешқашан таусылмайды.

13.Бір жағдайды айналшықтап жүріп алмаңыз

Қандай отбасында, қандай ортада туғаныңыз, қай жерде білім алғаныңыз, жұмыс тәжірибеңіз маңызды емес, кез келген жағдайға қарамастан жетістікке жете аласыз. Қайда және кіммен бастағаныңыз емес, сіздің шыдамдылығыңыз, жігеріңіз, рухыңыз маңызды.

14.Өз меніңізді тиімді пайдаланыңыз

Сіздің қызметіңіз амбицияңыздың жол нұсқаушысы болуы керек. Өз мақсатыңызға тиісті көңіл бөліп, жолдан адаспай жетуге тырысыңыз

15.Мақсаты бір команда жинаңыз

Маның пікірінше, егер команданы сүйреп жүретін тек сіз болсаңыз, табысты түсіңізде көре берсеңіз болады. Мақсаты бір, бірдей ойлай алатын көшбасшыларды жинаңыз. Қызметкеріңіз сіз үшін емес, ортақ мақсаттарыңыз үшін жұмыс істесін.

16.Орныңызға адам дайындап қойыңыз

Командаңыз сізге ғана байланып қалмасын, өзіңіздің білгеніңізді қол астыңыздағы қызметкерлерге де үйретіңіз. Уақыт өте келе міндетіңіздің жартысын соларға табыстап жүре бересіз, тіпті басқа да жобалармен өздігінше айналыса алатынына сенімді боласыз.

17.Ер мінезді, қайратты, қырағы басшы болыңыз

Берік, батылдық, алдағыны болжай білетін көрегенділік – табысты басшыны өзгелерден ерекшелейтін қасиеттер. Өзгелері қиындықтан басқаны көрмейтін дүниеден басшы мүмкіндік іздейді.

18.Шешімдерді ақылдасып қабылдаңыз

Табысты басшы өз қызметкерлерінен ақылды болмауы мүмкін. Кез келген шешімді қабылдарда жанында ақыл қосатын кәсіби мамандардың болғаны жөн.

19.Мықтылық қиындықтардан кейін келеді

Адам бірден жігерлі, қайсар болмайды. Жолында кездесетін қиындықтар адамды мықты етеді. Басын тәуекелге тігетін адам ғана түбі жеңіске жете алады.

20.Ынтамен, ыждаһаттылықпен ұқыпты жұмыс істеңіз

Табыстың формуласы қарапайым – мақсатыңызға жетелер жолда ұқыпты болғаныңыз абзал.

21.Бәсекелестікте адал ережелерге бағыныңыз

Бәсекелесіңізге дұшпан деп қарайтын болсаңыз, сіз де біреуге дұшпан боласыз. Ашық және адал бәсекелесіңіз.

22.Бәсекелестеріңізді тең көріңіз

Сіз секілді бәсекелесіңіз де нөлден бастады. Өзіңізді кім-кімнің алдында болмасын биік ұстаңыз.

23.Тұтынушы бірінші орында тұруы тиіс

Сіздің энергияңыз да, уақытыңыз да шектеулі. Сол себепті басымдыққа ие дүниелерді бірінші орынға қойыңыз. Ол сіздің тұтынушыңыз, екінші кезекте әріптестеріңіз, сосын акционерлерге көңіл бөліңіз. Кәсіпкерлердің көбі акционерлерінің мүддесін маңызды етіп алады. Тәжірибе жүзінде бұл әдістің тиімсіз екені дәлелденген.

24.Ашкөз әрі сараң болмаңыз

Бәріңіз іс бастарда бірінші кезекте ақша табуды көздейсіз, көп табыс табуға ұмтыласыз. Мақсат жолында ақша табуды емес, амбицияңызбен жұмыс істеңіз. Сараңдық түзу жолдан адастырады.

25.Көңіліңізге жағатын адаммен жұмыс істеңіз

Қол астыңызға қызметкер аларда кәсібилігіне ғана назар аудармаңыз. Кәсіби маман бола тұра мінезі көңіліңізден шықпаса, командаңызға жайлы болмаса, ол адаммен өткізген әр секундыңыз бекер.

26.Өз басыңызбен ойланыңыз

Өзгелердің пікірі маңызды емес, өзіңізді ғана тыңдаңыз.

27.Жүрегіңізді тыңдаңыз

Интуицияңызға сеніңіз, ол алдамайды.

«Тегін» — ең қымбат сөз

Бәсекелестеріңізге өнімдеріңізді тегін тарату арқылы, компанияңызды шығынға ұшыратасыз, ақшаңызды, идеяларыңызды, интеллектуалдық жеке меншігіңізді өзгенің қолына тегіннен тегін қалай беріп қойғаныңызды байқамай қаласыз.

29.Жұмысқа көңіл бөле отырып, өмірдің рахатын сезініңіз.

Өмір деген тек жұмыстан тұрмайды. Жан мен тәнге де күтім керек, жақындарыңызбен, достарыңызбен көбірек уақыт өткізуге тырысыңыз.

30.Өз амбицияңыздан бас тарпаңыз

Бастаған ісіңізді аяқтамасаңыз, жеңіліп қана қоймай, өз-өзіңізден бас тартқаныңыз деп біліңіз. Арманыңызға жету жолында тез берілсеңіз, өзіңіздің мүмкіндіктеріңізді де көре алмайсыз. Болмай бара жатқан күннің өзінде стратегияңызды өзгертіңіз, жолыңызды басқа арнаға бұрыңыз, бірақ ешқашан да кері қайтпаңыз.

Кілтсөздер: , , ,




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑