banner-top12

Айтарым бар

Уақыты 9 октября, 2020 | қосқан shalqar | 186 рет оқылды

0

ДІНИ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША 114 ЖЕЛІСІНЕ ХАБАРЛАСЫП, АҚЫЛ-КЕҢЕС АЛУҒА БОЛАДЫ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен дін мәселелері бойынша 114 қауырт желісі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Жобаның жұмысын 2020 жылдың тамыз айында министрліктің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында «Social Development Center» қоғамдық қоры бастады.

114 қауырт желісі — дінге қатысты мәселелер бойынша көмекке мұқтаж барлық адамдар үшін тегін сенім телефоны және чат-сайт. Құрамында танымал психолог, ҚР психологтар мен психотерапевтер қауымдастығының мүшесі – Лола Шакимова, «Жусан» арнайы операциясына қатысушы, теолог – Асланбек Тыныштықов, заңгер, PhD доктор – Серікхан Әділғазы секілді белгілі мамандар мен дінтану және исламтану саласындағы сарапшылар, оңалту орталықтарының теологтары бар тәжірибелі мамандар тобы ақыл-кеңес береді.

Бүгінгі таңда 114 қауырт желісі»һ өз жұмысының тиімділігін дәлелдеп отыр. Күн сайын операторлар 20-дан 40-қа дейін өтініштер қабылдайды. Мамандар мәселенің сипатына байланысты әр жеке жағдайды бөлек талдайды.

Олар көбіне діндар адамдар мен қарапайым адамдардың қарым-қатынасы, бала тәрбиесіндегі діннің рөлі, исламдағы неке және дәстүр сияқты тақырыптарға сұрақтар қояды.

Тағы бір жиі қозғалатын мәселе — пандемия кезінде діни рәсімдерді орындау. Кей жағдайларда деструктивті ағымдардың, түрлі секталардың хабарласушының жақын туыстарына тікелей ықпал етіп жатқаны жайлы сөз болады. Мұндай адамдарға кәсіби психологиялық қолдау көрсетіледі.

Қандай жағдайда 114 қауырт желісіне жүгіну қажет? 

Егер сізге дін мәселелері бойынша ақпараттық және консультациялық көмек қажет болса.

Егер сіз деструктивті діни ағымдардың ықпалына түссеңіз.

Егер Сізге діни мәселелерге байланысты психологиялық және заңгерлік көмек қажет болса.

«114 қауырт желі» мамандарымен қалай байланысуға болады?

Хабарласу үшін өзіңізге ыңғайлы әдісті таңдай аласыз:

114 немесе 8(800)-0805-114 қысқа нөміріне қоңырау шалыңыз.

Немесе жобаның 114.kz/questions сайтынан онлайн-кеңес алыңыз.

Жедел желі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9:00-18:00 аралығында аптасына 7 күн жұмыс істейді. Барлық консультациялар тегін және құпия түрде өтеді.

Кілтсөздер: ,




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑