banner-top12

Айтарым бар

Уақыты 16 сентября, 2020 | қосқан shalqar | 38 рет оқылды

0

Дәуір көшінде кетілмеген кесене — Домбауыл

Домбауыл кесенесі ғалымдардың пікірінше, Орталық Қазақстандағы ең көне құрылыстардың бірі болып саналады. Ол Ұлытау ауданы Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 58 шақырым қашықтықта, Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан. Еліміздегі көне тарихи орындарының бірі. Көнелігі сонша, тіпті бұл кесенені ғұндар билеген кезде салынған деп есептейді

Аңыз бойынша, бұл кесене ұлы сазгер және жауынгер Домбауыл құрметіне салынған екен, оның болғаны тарих және мифпен (ертегі-аңызбен) ұштасады. Қазақ халқының аңыз-әфсанасында Домбауыл бағаналы найман руынан шыққан батыр.

Домбауыл көзі тірісінде Жошы ханның сенімді серігі, сарай мергені болғанға ұқсайды.

Домбауылдай батырдың атын асқақтатқан, оның қос ұлы – Кет-Бұқа мен Кел-Бұқа заманында дәулескер күйші болған екен.

Домбауылдың ұлы Кет-Бұқа «Ақсақ құлан» күйінің авторы деген жорамалдар да бар.

Домбауыл батыр Шыңғыс ханның оң жақ тізесінен орын алған ықпалды адам.

Кесене:
Қазақ арасында мұндай киіз үйге ұқсата созып барып қүмбезделген тас қесенелерді «үйтас», «дің» деп те атаған, бұлар әр аймақтарда белгілі және Орталық Қазақстан, әсіресе Торғай өзенінің бойына кең тараған. Жалпы мұндай кесенелер ежелгі кезде көшіп-қонып жүрген жолаушы қазақтар үшін түнемелік орын болған. Қазақ дүниетанымында жын-шайтан ұялайтын ескі тамға қонуға болмайды, ал ескі зиратқа түнеуге болады. Мазарларға түнеп, сосын өзінен кейін келетін жолаушы үшін мазар ішін тазалап кетіп отырған. Қазақ халқы мазарды қасиетті – теріс, қара күштерден таза жер деп санаған. Кие тұтып, қол шошайтпаған.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑
  • Соңғы жазбалар

  • Свежие комментарии

  • Архивы