Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт То..." /> Екпе науқаны: Қазақстанға «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді - Шалқар газеті

banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 1 февраля, 2021 | қосқан shalqar | 119 рет оқылды

0

Екпе науқаны: Қазақстанға «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

     Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпанда Қазақстанда «Спутник V» ерікті вакцинациялау науқаны басталады. Уағдаластық негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені елге «Спутник V» вакциналарының алғашқы партиясын жеткізді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Жалпы, ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112 мың дозасын, наурызда — 150 мың, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозадан жеткізетін болады.

Сондай-ақ сәуір айынан бастап 75 мың доза көлемінде QazCovid-in отандық вакцинасын егу және оны ай сайын 500 мың дозаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

«Бірінші кезекте халықтың жекелеген топтары – медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметшілер және т. б. вакциналауға жіберіледі. Вакцина алатын адамда профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдер болмауы тиіс. Вакциналау алдында дәрігердің міндетті тексеру жұмыстары жүргізіледі. Ел бойынша егу пункттерінің дайындығы тексерілді, профилактикалық егуді жүргізу мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдер бекітілді, 2 мыңнан астам медицина қызметкерлері оқытылды», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑