banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 21 марта, 2023 | қосқан shalqar | 116 рет оқылды

0

Елімізде ұлттық нақышта әрленген пойыз жүре бастады

Наурыз мерекесінің қарсаңында ұлттық нақышта безендірілген электрпойызы Астана — Бурабай арасында жүре бастады.

Көнеден мерекеленіп келе жатқан Наурыз мейрамы қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген электр пойызын іске қосты.

«Мерекелік құрам күн сайын бір ай бойы жүреді. Пойыз Астанадан таңертең жөнелтіледі. Жолаушыларды отырғызу Нұрлы жол (сағат 06: 03 мин. жөнелту) және Астана-1 (сағат 06:57 мин. жөнелту) вокзалдарында ұйымдастырылған. Жол бойында құрам үш станцияда: Ақкөл, Елтай және Макинкада тоқтайды. Мерекелік электр пойызы терминалға сағат 9:51 мин. келеді», — делінген хабарламада.

Жайлы сапарлау үшін вагондар ауа баптайтын қондырғылармен, биодәретханалармен жабдықталған. Пойыз жолаушылары сапарлау барысында ойын-сауық контент пен пайдалы ақпаратпен жабдықталған vputi.kz мультимедиялық порталды пайдалана алады.

«Наурыз» электр пойызы — бұл «Жолаушылар тасымалы» АҚ, ҚР ПІБ «Бурабай Даму» ЖШС, Мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының бірлескен жобасы. Ол ішкі туризмді насихаттау мақсатында жүзеге асырылады», — деді ҚТЖ өкілдері.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑