Арысы Махамбет Өтемісұлы арғы..." /> Жағаң жұпыны, сағаң саяз, қайран Жайық! - Шалқар газеті

banner-top12

Әлем жаңалықтары

Уақыты 28 января, 2021 | қосқан shalqar | 433 рет оқылды

0

Жағаң жұпыны, сағаң саяз, қайран Жайық!

        Арысы Махамбет Өтемісұлы арғымағымен кешіп өтіп, берісі мейірбан қазақ маңайына қонған Жайық өзенінің экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осы мәселеге назар аудару керектігін жақында мәлім етті.

«Менің тапсырмам бойынша су ресурстарын басқарудың ұлттық жоспары дайындалды. Оны қабылдап, қаржыландыру ісін тездету қажет. Қазір Жайық өзенінің экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады. Былтырғы желтоқсанда Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 2024 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – Жайық өзені аңғарының экожүйесін сақтау. Үкіметке оны сапалы түрде жүзеге асыруды тапсырамын. Жалпы су дипломатиясының тәсілдерін айтарлықтай нығайтуымыз керек. Қазақстан үшін бұл өте қажет нәрсе. Себебі тұщы су бізде өте тапшы», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Негізінен алғанда, Жайық — Орал тауының оңтүстік сілемдерінен, (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталып, Атырау қаласы маңында орналасқан Каспидің бөлігіне құяды. Жайық өзені Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Орал қаласынан төменгі бөлігінде Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады. Қаладан өткенен кейін өзенге Көшім бөгені салынып, Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі тартылған. Жайықтың 80%-і қар суымен толығады.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑