banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 29 января, 2021 | қосқан shalqar | 100 рет оқылды

0

Жемқорлық — жай құқық бұзушылық емес

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы филиалында Қауіпсіздік жөніндегі уәкілдің бастамасы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға арналған іс-шара өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті штабы өкілдерінің және Қылмыстың жолын кесу басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен өткен кеңесте «Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу -сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыты» тақырыбы бойынша мәселелер талқыланды. Филиал қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын сананы трансформациялау тетігі ретінде парасаттылық негізіндегі жұмыс қағидаттары, сыбайлас жемқорлықты руханиэтикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру туралы толық түсіндірілді.

«Бүгінде еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту тетіктеріне негізделген. Ел Президенті Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу екенін нақты атап өтті. Сондықтан, филиал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаментімен бірлесіп Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу бойынша тұрақты негізде іс-шаралар өткізеді. Өйткені, сыбайлас жемқорлық — бұл терең әлеуметтік ауру және оны тек ортақ күш-жігермен жеңуге болады», — дейді» Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

Ұйымдастырушылар ең осал салаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларының рөлі бұрынғыдан да жоғары екенін атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлық — екі жақты жылжитын жол. Мұнда тек пара алушы ғана емес, пара беруші де бар. Сондықтан бүгінде парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізудеміз», — дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті штабының жетекшісі Зейналов Низам Асанұлы.

Кеңес соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу бойынша таптырмас үлгі ретінде қабылдаған арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Қызметкерлердің іс-шара барысында алған білімдері, оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулыдан аулақ ететініне сенгіміз келеді.

Әрбір азамат еліміздің өркендеуі мен гүлденуі – оның саналы әрекетіне байланысты екенін түсінуі тиіс.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑