banner-top12

Айтарым бар

Уақыты 15 сентября, 2020 | қосқан shalqar | 34 рет оқылды

0

Жетісулық оқушыларға 500 ноутбук сыйланды

Алматы облысының оқушылары «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры арқылы 500 ноутбукке ие болды.

Жаңа оқу жылында қашықтықтан оқыту үшін жағдай жасау мақсатында Алматы облысының оқушыларын барлық қажетті техникамен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Жақында балаларға республикалық бюджеттен дербес компьютерлер таратылса, «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры демеушілігінің арқасында Талдықорған қаласына тағы 500 ноутбук жеткізілді. Олардың 200-і Талдықорған оқушыларына арналған, ал қалғандары жақын маңдағы аудандарға бөлінді.

— Ноутбуктер аз қамтылған отбасы балаларына беріледі. Біз осындай қиын кезеңде әрбір баланың сапалы және жақсы білім алуын қалаймыз. Өйткені, болашақ ұрпақтың дамуына еш кедергі болмауы керек, — дейді қор директоры Қасым Қасабеков.

Бұған дейін «Салиқалы ұрпақ» қоры Алматы қаласының оқушыларына 500 ноутбук сыйлап, коронавируспен күресуге және Мақтаарал елді мекенін қалпына келтіруге қомақты қаражат бөлген болатын.

Дереккөз: https://7-su.kz/news/cat-18/8571/




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑