banner-top12

Әлем жаңалықтары

Уақыты 7 июня, 2021 | қосқан shalqar | 369 рет оқылды

0

Жүсіп ата шежіресі түрік тіліне аударылады — TRT

Қожа Ахмет Ясауидің жиені Жүсіп атаның тарихына қатысты шежіренің бір бөлігі мен арнайы мөр басылған құжаттар түрік тіліне аударылады, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

«Ғасырларға куә болған осы құжаттарды Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі басып шығарады. ТИКА мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Келісім шеңберінде түрік әлемінің рухани көсемі Қожа Ахмет Яссауидің жиені және шәкірті Жүсіп атаның 3,5 метрлік шежіресі реставрациядан өтеді, түрік тіліне аударылып, кітап болып басылып шығады. ТИКА-ның Қазақстандағы координаторы Исмаил Гүрлек шағатай тілінде жазылған осы құжаттың Түркияда қолжазбалар институтында зерттелетінін айтты», — деп жазады TRT.

Дерек көзі: inform.kz




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑