banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 24 ноября, 2020 | қосқан shalqar | 586 рет оқылды

1

Коронавируспен күрес үшін 1,5 миллиард евро қарыз алынады

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев коронавируспен күресу үшін Қазақстан жалпы сомасы 1,5 миллиард евроны құрайтын екі қарыз алады деп мәлімдеді.

Бірінш қарыз үшін Қазақстан мен Азияның даму банкі арасында 908 милллион 596 мың евролық келісім жасау көзделген.

«Қарыз 2021 жылғы бюджет дефицитін толықтыру үшін жұмсалады. Бұл қаржы мемлекеттің пандемия салдарымен күрес шараларын демеуге және экономиканы қалпына келтіруге көмектеседі», — деп мәлімдеді қаржы министрі.

Оның айтуынша Қазақстан қарыздың бір бөлігін, нақтырақ айтсақ, 454 миллион 298 мың евроны алдағы 10 жылда қайтаруы тиіс. Қарыздың дәл осындай екінші жартысын, үш жылдық жеңілдікті қоса алғанда,одан кейінгі бес жылда қайтаруы керек.

Қазақстан екінші қарызды Азияның инфраструктуралық инвестициялар банкінен алады. Бұл 661 миллион 800 мың евролық ауқымды келісім. Бұл қаржы да, жоғарыда айтылғандай, 2021 жылғы бюджет дефицитін қысқартуға және пандемиямен күрес шараларын демеуге жұмсалады. Қарызды мемлекет, үш жылдық жеңілдікті қоса алғанда, алдағы он жылда қайтаруы керек. Қарыздың сыйақы мөлшерлемесі— Euribor 0,50 пайызды құрайды.

Бұған қоса, министр аталмыш қарыздарды төлеу үшін қаражат бюджеттен алынады деп мәлімдеді.




One Response to Коронавируспен күрес үшін 1,5 миллиард евро қарыз алынады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑