banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 2 августа, 2021 | қосқан shalqar | 480 рет оқылды

0

   Коронавирусқа шалдыққан науқастар оңалтудан өтетінін білесіз бе?

Коронавирустың ауыр түріне шалдыққан науқастар міндетті түрде оңалтудан өтуі керек. Әсіресе пневмониямен ауырғандарға аса керек. Ал симптомсыз немесе жеңіл түрде ауырып шыққандар оңалтуды қажет етпейді. Дегенмен, тұрғындардың көбі стационарлық емнен кейін де денсаулыққа көңіл бөлу керектігін біле бермейді. Оның міндетті медициналық сақтандыру арқылы тегін жүргізілетінінен де хабарсыз. Алматы қаласы бойынша жыл басына бері 400 адам ғана оңалту орталығына барып, арнайы ем алған.

Әлеуметтік сақтандыру арқылы медициналық оңалтуға бөлінетін қаржының көлемі де аз емес. Бір адамға 200 мың теңге жұмсалады. Тек Алматы қаласы бойынша биыл осы шараға 7,7 млрд теңге бөлінген.

Тілеухан Әбілдаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ  қалалық филиалының директоры: — Емханаларында учаскелік дәрігерлер бар. Керек деп тапқан жағдайда реабилитологқа ақыл-кеңеске беріледі. Дәрігерлік кеңестің қорытындысынан кейін оларға реабилитациялық көрсетілімдер болатын болса, соның жағдайына орай тиімді мед.реабилитация таңдайды. Содан кейін оның қанша уақыт жүргізу керек екенін, порталын ауруханаға датаны күндерін анықтауға жолдама берілетін болады. Осы жарты жылда Алматыда коронавирустың ауыр түрімен ауырғандардың тек 400-і оңалтудан өткен. Ал тұзды шахта, шунгитті терапия, физиоемдеу, емдік жаттығулар ковидтен құлан таза айығудың ең тиімді жолы. Бірақ ковид жұқтырған алматылықтардың барлығы 14 күн бұл ем-шараларды ала алмайтыны анық. Себебі мегаполисте індет жұқтырғандарды оңалтатын бір ғана мекеме жұмыс істеп тұр.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑