banner-top12

Керек баған

Уақыты 17 августа, 2021 | қосқан shalqar | 1 213 рет оқылды

0

Көпбалалы отбасылар және оларға қандай жеңілдіктер бар?

Көпбалалы отбасылар кімдер? «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 1-бабы бойынша көпбалалы отбасылардың тізіміне кәмелетке толмаған төрт және одан көп баласы бар (оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар) отбасылар кіреді.

Қазақстанда кәмелет жасына толмаған төрт және одан да көп баланы асырап отырған 440 мыңға жуық отбасы бар.

Бүгінде әлеуметтік көмек отбасылардың келесі 5 санаты бойынша беріледі:

бір жасқа дейінгі баласы бар аналар мен отбасылар;

көпбалалы отбасылар;

мүгедек баласы бар отбасылар;

аз қамтылған отбасылар;

асыраушысынан айырылған және бала асырап не қамқорына алған отбасылар.

Көпбалалы отбасыларды қолдаудың кешенді моделі құрылған. Оның ішінде мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамту шаралары, салық салу жеңілдіктері бар.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑