banner-top12

Хабарландыру

Уақыты 17 ноября, 2020 | қосқан shalqar | 346 рет оқылды

0

Маңғыстаудың Қарақиясында 2 жарым айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталды

Қарақия ауданында екі жарым айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Қажетті дәрілерді алуға 75,4 миллион теңге жұмсалды. Бұдан бөлек 7 300 жеке қорғану киімі бар. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков мәлімдеді.

«Қарақия ауданында 12 дәріхана қызмет көрсетеді. Құрық ауылында– 4, Мұнайшы ауылында – 3, Жетібай ауылында – 3, Сенек ауылында – 1, Болашақ ауылында – 1. Бүгінгі күні 14 түрлі дәрі-дәрмектің келесідей қорлары бар. Парацетамол – 2 260 дана, асперин — 2 300 дана, азитромицин — 32 дана, цитрамон –1 960 дана, цефтриаксон – 1 870 дана, цефазолин – 2 690 дана, метронидазол – 485 дана, фраксапарин – 17 дана, ибупрофен – 210 дана, инговерин — 40 дана, ксералто – 9 дана, асперин кардо – 28 дана, тромбасс – 80 дана, ал аскорбиновая кислотаның 1 550 данасы бар», — деді Қыдырберді Беков.

Аудан әкімінің айтуынша 30 дана электронды термометр, 66 дана термометр ртутный, 8000 дана 2 миллиграмдық шприц, 9200 дана 5 мл шприц, 35 дана антисептик және 4 920 дана маскамен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑