banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 15 ноября, 2021 | қосқан shalqar | 913 рет оқылды

0

Мекенжайға тіркелудің жолдары қандай? 

«Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызметінің стандартына сәйкес қазақстандықтар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері, яғни халыққа қызмет көрсету орталықтары мен egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы тіркеле алады.

ХҚО-да тұрғылықты жері бойынша тіркеу процесі қызмет алушымен бірге тұрғын үй иесі өзі келіп, тұрақты немесе уақытша тіркеуге келісім берген жағдайда ғана іске асырылады. Бұл ең басты қағидат, басқаша болуы мүмкін емес. Тіркелуге келгенде, қызмет алушы мен тұрғын үй иесі жеке бастарын куәландыратын құжаттарын алып келуі тиіс. Қалған мәліметтер құзырлы мекемелердің ақпараттық жүйелерінен алынады.

Еgov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы азаматтарды тіркеу, тіркелушіден келіп түскен сұранысқа мүлік иесі веб-порталдағы «жеке кабинетінде» электрондық цифрлық қолтаңба немесе бір реттік парольдің көмегімен растаған кезде ғана жүзеге асырылады. Бұл әдісті қолдану үшін міндетті түрде  мобильдік азаматтар базасында тіркелу керек. Сондай-ақ, егер жылжымайтын мүліктің бірнеше меншік иесі бар болса, олардың әрқайсысын растау қажет.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑