banner-top12

Керек баған

Уақыты 16 сентября, 2020 | қосқан shalqar | 40 рет оқылды

0

Мемлекеттік қызмет: Жеке куәлік пен төлқұжатты рәсімдеу үшін нені білу керек?

Жеке куәлік пен төлқұжатты қалай рәсімдейміз?

Құрметті оқырман, егер сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттардың бірін ауыстыру керек болса, ХҚО-ға бару қажет. Ал біз сізге бүгін осы жайлы қысқаша ақпарат беретін боламыз.

  1. ХҚО-ға кезекті алдын ала онлайн брондаңыз;
  2. Өзіңіз брондаған ХҚО-ға уақтылы барыңыз;
  3. Тіркеу залына өтіп, ЖСН арқылы брондаған кезегіңізді растап, элекронды талон алыңыз;
  4. Күту залындағы электронды таблодан кезегіңізді бақылаңыз;
  5. Құжаттандыру секторына өтіңіз;
  6. Көші -қон қызметкері құжатты рәсімдейді.
  7. Дайын құжатты осы ХҚО-дан алатын боласыз.

ҚР азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап, 10 жылға беріледі. Төл құжат азаматтардың қалауына қарай, ҚР аумағынан тыс жерге шыққанда жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. 16 жасқа толған жасөспірім жеке куәлікті алу үшін ХҚО-ға ата-анасының бірімен келуге міндетті.

  1. Төленетін баж алымы:
    Паспорт – 8 АЕК
    Жеке куәлік – 0,2 АЕК

    Құжат 15 жұмыс күні ішінде жасалады

    Егер құжаттың жасалу мерзімін жеделдету қажет болса, қосымша ақы төлеу қажет болады.
    1 жұмыс күні — 4983 тг
    3 жұмыс күні — 2752 тг

    Жеке куәліктің мерзімі аяқталуға таяу болса, кез келген ХҚО-ға алдын ала баруыңыз керектігін ескертеміз.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑