Миллион доллар ұтып алды! - Шалқар газеті
banner-top12

Әлем жаңалықтары

Уақыты 28 мая, 2021 | қосқан shalqar | 160 рет оқылды

0

Миллион доллар ұтып алды!

 

АҚШ-тың Огайо штатының тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, лотереяның алғашқы жеңімпазы атанды. Оған 1 миллион доллар (430 миллион теңге) берілген. Бұл туралы Business Insider сайтында жарияланған.

Сайт мәліметінше, Цинциннати қаласына жақын орналасқан Сильвертоннан келген Эбигейл Бугенске ұтыс ойынының алғашқы жеңімпазы болды, ал Энглвудта тұратын мектеп оқушысы Джозеф Костелло болашақта түсетін оқу орнына тегін жолдама алды.

Екі жеңімпаз да кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталды. Лотереяға 2,7 миллионнан аса адам қатысты.

Лотерея ережесі бойынша, бір екпе алғандар да автомат түрде ұтысқа қатысушылар тізіміне енеді. Енді апта сайын 23 маусымға дейін вакцина салдырғандар арасында миллион доллар ойнатылады. Жалпы алғанда, жүлдені он адам алады: бес ересек және бес жасөспірім.

Айта кету керек, Огайо губернаторы Майк Девайн лотерея туралы мамырдың ортасында жариялаған. Ол лотерея коронавируспен күресу үшін федералды үкіметтің қаражатынан төленетінін айтқан.

Дерек көзі: adyrna.kz

 




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑