banner-top12

Айтарым бар

Уақыты 4 апреля, 2022 | қосқан shalqar | 4 219 рет оқылды

0

Миына қан құйылып кеткен: Қазақстандық журналистті Австралиядан елге жеткізу үшін туыстары көмек сұрайды

Австралияда қазақстандық журналист Тимур Әбдіқадыр коронавируспен ауырғаннан кейін комаға түскен. Қазір туыстары оны Қазақстанға әкелу үшін тез арада қаражат жинауға мәжбүр.

Журналисттің әпкесі Аида Дүйсебаеваның айтуынша, Тимур бес жыл бұрын отбасына қаржылық жағынан көмектесу үшін Австралияға кеткен.

«Қазақстанда Тимур алдымен журналист, содан кейін диктор, диджей болып жұмыс істеді. Университеттің бірінші курсынан бастап КТК арнасына жұмысқа тұрды. Одан кейін «Еуропа плюс» радиосында, Love Radio-да, «Еуразия” бірінші арнасында, «31” арнада жұмыс істеді. Оны көпшілік таниды. Бес жыл бұрын әлемді көріп, ақша табу үшін Австралияға кетті. Маған және отбасыма көмектесіп, қыздарымның жақсы білім алуына үлес қосты. Бара салып бармен қызметінен бастады. Одан соң үй басқару және инженерлік қызмет көрсету бойынша халықаралық компанияға жұмыс істеді. Алдымен Мельбурнда тұрды, содан кейін Сиднейге көшті», — дейді Тимурдың әпкесі Аида.

Оның айтуынша, оған Австралия қатты ұнаған. Сондай-ақ ешқашан бір жерінің ауыратынын айтып, шағымданбаған.

“Спортпен шұғылданатын, темекі шекпейтін. Ол елде медиуцина жақсы, тексеріліп тұратын. Бір ай бұрын коронавирустың жеңіл түрімен ауырды. Pfizer вакцинасын алған. 29 наурыз күні жұмыста кенеттен ауырып, дем алуы қиындап кетеді. Сөйтіп далаға таза ауаға шыққан жерінде құлаған. Сол жерден көргендер жедел жәрдем шақыртыпты», — дейді Аида.

Дәрігерлер тексергеннен кейін Тимурдың тамырлары жарылып, миына қан құйылып кеткенін айтады. Олар дереу оны операция жасау үшін мамандандырылған клиникаға жеткізуді жоспарлайды. Алайда оның жағдайы тез нашарлап, операцияға жарамсыз болып қалады.

«Біз оны көру үшін видео байланыс арқылы қосылдық. Бір сәтте оның денесі дірілдеп, құрыса бастады. Келесі күні дәрігерлер миының жұмысын тоқтатқанын анықтады. Дәрігерлер оның тамырлары туғанынан әлсіз болған дейді», — деді Тимурдың әпкесі.

Қазір ер адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Биологиялық тұрғыдан оның жүрегі соғып тұр.

“Біз оны тыныс алу құрылғысынан ажыратуға құқығымыз бар. Оның достары да осындай шешім қабылдай алады. Бірақ бәріміз мұны жасауға батылымыз бармай отыр», — дейді Аида.

Қазір Тимурдың анасы мен әпкесі Австралияға виза алу үшін барлық қажетті құжаттарды жинауда. Егер олар өздері ұшып бара алмаса, Австралиядағы достары Тимурды ұшақпен жібере алады. Бірақ оны салып жіберу үшін шамамен 20 мың доллар қажет болады. Қазіргі курспен есептегенде 10-12 миллион теңге.

Сондай-ақ Қазақстан Украинамен әскери іс-қимылдар аймағынан жақын орналасқандықтан бұл сома жоғарылауы да мүмкін.

“Біз оның денесін Қазақстанға әкеліп, жерлеу үшін осы соманы жинауға үміттеніп отырмыз. Қазіргі таңда оның достары мен өзіміздің қаражатты қосқанда 4 миллион теңге жинадық. Енді 8 миллион теңгеге жуық ақша керек”, – дейді Аида.

Тимурдың әпкесі қазақстандықтардан бауырын елге жеткізу үшін көмек сұрайды. Себебі, Австралиядағы аурухана журналисті алып кетуге екі-үш күн ғана берген.

Тимур Әбдіқадыр отбасына көмектескісі келетіндерге реквизит:

+7 747 689 42 33 – Бұл номерде оның анасының Kaspi шоты бар.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑