banner-top12

Әлем жаңалықтары

Уақыты 28 января, 2021 | қосқан shalqar | 141 рет оқылды

0

Онлайн-кітапхана ойлап тапқан оқушылар

     Атырау қаласында орын тепкен химия-биология бағытында білім беретін Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-шы сынып оқушылары Елнар Камел мен Сағиден Кушалиев онлайн-кітапхана форматындағы телеграм-бот ойлап тапты.

     Қазіргі кезде NisBooksBot сервисіне математика, биология, физика, химия, информатика, география, Қазақстан тарихы және дүние жүзі тарихы пәндері бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  7-12 сыныптарына арналған оқулықтар, сондай-ақ халықаралық IELTS және SAT емтихандарына дайындық тесттері жүктелген. Идея авторларының айтуы бойынша, мұндағы кітаптар жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына да пайдалы оқу құралы болмақ.

    «Карантин кезінде көптеген қағаз кітаптарды табу қиын. Ұстаздарымыз олардың электронды нұсқаларына сілтеме жібереді. Алайда, жүйе жиі істен шығады, кітаптарды жүктеуге де  ұзақ уақыт кетеді.  Ұстаздар мен оқушылардың жұмыстарын оңайлату үшін біздер барлық оқулықтарды бір сервиске жинадық. Сілтемені достарымыз арасында мессенджерлер арқылы таратамыз. NisBooksBot сервисінде кітапты оп-оңай жүктеуге, телефон немесе компьютерде сақтауға болады. Алдағы уақытта кітаптарды оқу тоқсандарына бөліп жүктегіміз келеді. Сонда оларды телефонға жүктеп алу бұдан да тезірек болады»,- дейді жас программистер.

    Олар  сервистің мүмкіндігін кеңейту үшін болашақта сабақ кестесін, көркем әдебиет кітаптарын және Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқуға түсу үшін дайындық тесттерін жүктеуді жоспарлап отыр.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑