banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 3 февраля, 2021 | қосқан shalqar | 116 рет оқылды

0

Отанымыздың бірнеше аймағындағы жол жабылды

Үшінші ақпан, сағат 19:00-ден бастап Павлодар облысындағы ауа райының тосын мінез танытуына  (боран, тұман, көктайғақ болуына) байланысты барлық бағыт бойынша көліктің барлық түрімен жолға шығуға шектеу қойылды.

Сонымен қатар, бүгін 19:00-ден бастап Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы көлік қозғалысына шектеу қойылады. Атап айтқанда «Омбы-Майқапшағай» автожолының 587-733 шақырымында — Павлодар облысы мен Семей қаласының шекарасында кез келген көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Ақмола облысында да ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін сағат 19.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан — Ерейментау — Шідерті» бағытындағы автожол, «Екатеринбург — Алматы» бағытындағы автожол және «Жақсы — Есіл — Бұзылық» тасжолы жабылды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды обылысындағы «Қызылорда — Павлодар» тасжолында да көліктер ағыны тоқтатылды. Мұнымен қоса, Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты тасжолдардың бірі жабылды.

Осы ретте, Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға алыс сапарға шықпауға, жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес береді.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑