banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 16 августа, 2021 | қосқан shalqar | 1 247 рет оқылды

0

Пәтердің нарықтағы бағасын тегін анықтауға болады 

Бұдан былай пәтердің нарықтағы бағасын онлайн әрі жылдам анықтауға болады.

Мұны жасанды интеллект базада жарияланған 1 миллион хабарландырудағы объектілерге талдау жасау арқылы жүзеге асырады.

Онлайн бағалаудың бірнеше артықшылығы бар:

сатушылар пәтерінің құнын жылдам анықтап, басқалармен салыстырып, оны тиімді бағада сатып жібере алады;

сатып алушыларда саудаласу үшін нақты дәлел болады;

риэлторлар бұрынғыдай бағалау жүргізуге және оны зерттеуге көп уақыт жұмсамайды.

Тегін бағалау кезінде үйдің орналасқан жері мен салынған жылынан бастап, жиһаздың бар-жоғына дейін ескеріледі. Сондай-ақ, мыңдаған ұқсас пәтермен салыстырылады.

Бұл қызмет Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Ақтау, Петропавл, Тараз, Павлодар және Өскемен қалаларында қолжетімді.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑