banner-top12

Айтарым бар

Уақыты 13 октября, 2020 | қосқан shalqar | 218 рет оқылды

0

Сарқан төріндегі Абай мен Мұхаметжан

Сарқан ауданының орталығындағы көпқабатты үйлердің біріне Абай Құнанбайұлы бейнесі мен Мұхаметжан Тынышбаевтың келбеті кестеленді. Бұл туралы Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, барлық аймақта осындай суреттер салынып, ел көсемдерінің есімі ұлықталу үстінде. Әлемді өзінің қаламына қонған нұрлы сәулесімен, шығармашылығымен тәнті еткен Абай атамызға және алғашқы теміржолшы, ұлт мақтанышы, қоғам қайраткері, Сарқан ауданының тумасы Мұхаметжан Тынышбаевқа арналған мурал көпқабатты үйлердің бірінде бейнеленді.

Қазақтың мақтанышына айнала білген қос ұлы тұлғаның суретін тек әсемдік үшін салып қана қоймай, жастардың өз тарихын, ұлы тұлғаларының есімдерін ұмытпауға тәрбиелеу — басты мақсат. Өзі өлсе де, сөзі өлмеген ұлы Абайдың ұлағаты ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға ұласып, туған халқымен бірге жасай бермек. Оның біз білетін 200-ге жуық өлеңі, 3 поэмасы, 45 қара сөзі бар.

Мұхаметжан Тынышбаев қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері.

Жас ұрпақ санасында Абай атамыздың, Мұхаметжан Тынышбаевтың еңбектері мен шығармалары мәңгі мұра болып қалары анық.

Сарқан қаласында көпқабатты үйдің қабырғасында хәкім Абайдың және Мұхаметжан Тынышбаевтың портреті «Жетісу — адалдық алаңы» жобасы аясында, аудан әкімі Талғат Қайнарбековтің қолдауымен салынды.

Мурал Сарқан қаласына айрықша көрік беріп қана қоймай, жас буынның ұлттық санасын жаңғыртып, кез келген азаматты Абай мен Мұхаметжанша еліне қызмет етуге жетелейтіні анық.

 

Кілтсөздер: , , ,




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑