"Талаптыға нұр жауар" - Шалқар газеті
banner-top12

Айтарым бар

Уақыты 15 сентября, 2020 | қосқан shalqar | 241 рет оқылды

0

«Талаптыға нұр жауар»

Биылғы жылдың Атырау қаласындағы Ә.Жангелдин атындағы қазақ
орта мектепті бітірген сонымен қатар, Kazmessage деп аталатын мобильді
әлеуметтік қосымшасын ойлап тапқан атыраулық Эльдар Құрмашев жақсы
жаңалығын ашқан болатын. Сондай-ақ, Эльдар Атырау облысының әкімі
М.Досмұхамбетовтың қабылдауында болып, ерекше сый құрметке бөленген.

Ол жарты жыл ішінде талай мемлекеттік маңызы бар бастамалардың
басында жүріп, ірі жобаларға ат салысып келеді.

Эльдар өзінің алғашқы табысты қосымшасын іске қосқалы көптің
көзіне түсіп, танымалдығы артып кеткен. Қазірде Мемлекеттік рәміздерді
насихаттау жөніндегі Ұлттық орталықта қызмет атқарып, ол республиканың
жалпы орта білім беру мектептер мен колледж педагогтарына «Мемлекеттік
рәміздерді ұлттық стандартқа сай қолдану» тақырыбы аясында онлайн
форматта әдістемелік семинарды Ұлттық орталықтың Атқарушы директоры
Руслан Хамзамен бірлесіп өткізіп келеді.

Ұлттық орталықта жұмыс жасай отырып, Р.Хамзаның қолдауымен
Эльдарды карантин кезінде бос уақытын сәтті пайдаланып, Эльдар Абайдың
175 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауға бейне ролик түсіріп
қатысып, үздік орындаушылар қатарынан қосып келеді. Жалғасы әлеуметтік
желілер арқылы Қазақстан аумағына келген індеттің бірі Короновирусқа
қарсы алдын-алу бойынша шағын клипке түсіп, көптеген «лүпіл» жинап
үлгеруде.

Сонымен қатар, Ұлттық орталығының өкілі Э.Қурмашев бірнеше іс-
шараларда болып, пікірлерін ашық айтып өз ойларымен бөлісіп, қоғамдық
өміріндегі қадамдарын жасауда.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі Ұлттық орталығы
дарынды жастардың табысы мен таңғажайып жетістіктерін баяндайтын
республика көлемінде тарайтын «Озаттар энциклопедиясына» енгіздіруге ат
салысты.

Жас та болса ұшқыр қиялы мен қуатын туған елінің шарықтап дамуы
үшін сарп етуді мақсат қылған Эльдардың талпынысын байқаған
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті арнайы білім грантын бөліп,
жас талантқа қолдау көрсетуде. Университеттің ректоры ерекше дарынды
жастарға қашанда қолдау білдіріп, жол сілтеп жүрген атпалы азаматтардың
бірегейі. Университетте алаңсыз білім алып, арманына қол жеткізуге асық
Эльдар үшін бұл үлкен сый болғаны анық. Бұл ретте грантта оқу үлкен
қуаныш екенін жасырмады.

Эльдар қыркүйектен бастап отандастарға үлкен сый дайындады. Оның
айтуынша, қазақстандық www.invideo.kz деп аталатын сайт ашып, іске
қосты.

Айта кетсек, жуырда «Қазақстанның алтын кітабы» энциклопедациясына
енгізілмек.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑