Жапондықтар 2021 жылы Токиода өтет..." /> Токиода өтетін 2021 жылғы Олимпиада ойындары тағы кейінге шегерілуі мүмкін - Шалқар газеті

banner-top12

Әлем жаңалықтары

Уақыты 28 января, 2021 | қосқан shalqar | 138 рет оқылды

0

Токиода өтетін 2021 жылғы Олимпиада ойындары тағы кейінге шегерілуі мүмкін

    Жапондықтар 2021 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға наразылық білдірді. Телефон арқылы жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі елде бұл идеяға қарсылық білдіргендер қарасы қолдағандардан гөрі көп, деп хабарлайды «Salqar» ақпараттық порталы NHK арнасын бағдарға ала отырып.

     Спорттық жарыстың өткізілуін қолдайтындар қатары 27 процентті қамтыса, қарсылық білдіргендер саны шамамен 32 процент, ал қалған 31 процентті қамтитын бөлік ойындарды тағы да кейінге шегеруді жөн санайды. Желтоқсанда жүргізілген дәл осындай сауалнамада жапондықтардың басым бөлігі Олимпиаданың өткенін қалаған. Мұндай шешімді 40 проценттей халық қолдаған.

     Аталған сауалнаманы телеарна 11 және 13 желтоқсан аралығында жасы 18-ден асқан 2100 адам арасында жүргізген. Сонымен қатар елде коронавирустың жаңа типі өршіп жатқаны да хабарланды. 14 желтоқсан, дүйсенбі күні, 1600-ден астам жаңа жұқтыру жағдайы тіркелді. Жалпы жұқтырғандар саны 183 мыңды құраса, оның 2600 жағдайы өліммен аяқталған. 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының пандемия салдарынан 2021 жылға шегерілетіні туралы 24 наурызда белгілі болды. Ойын комитетінің ұйымдастырушы директоры Харуюки Такахаси осылайша Олимпиада ойындарын тағы да кейінге шегеруді дұрыс деп тапты. Соған қарамастан, ол Олимпиада ойындарын ұйымдастырмай қалдыруға болмайтынын да мәлімдеді. Өйткені бұл шешім Жапония және әлем экономикасына өте ауыр соққы болмақ.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑