Тоқаев компанияларды басқарудағы әйел..." /> Тоқаев: Әйел басқарса, қазақстандық бизнес өрлейді - Шалқар газеті

banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 23 октября, 2020 | қосқан shalqar | 318 рет оқылды

0

Тоқаев: Әйел басқарса, қазақстандық бизнес өрлейді

Тоқаев компанияларды басқарудағы әйелдер үлесінің артуы туралы айтты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік компанияларды басқарудағы әйелдердің үлесін арттыру туралы айтты, — деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар пратформасы.

«Мемлекет қатысатын мемлекеттік компанияларды басқарудағы әйелдердің үлесі әлі де болса төмен — 5-7 пайыз. Бұл жағдай мемлекет халқының жартысынан көбін құрайтын әйелдердің әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік бермейді», — деді Мемлекет басшысы Ұлттық сенім кеңесінің төртінші отырысында.

Президент кеңес мүшелері мемлекет қатысатын компаниялардың басқару органдарында әйелдердің үлесін 30 пайызға дейін ұлғайту туралы міндетті норманы енгізу қажеттілігі туралы пысықтап, ұсыныстар жасағанын айтты.

«Мен бұл бастаманы кезең-кезеңімен жүзеге асыру туралы ойлану керек деп санаймын. Бұл бизнес саласын әйелдер үшін тартымды етеді, Қазақстанның мамандандырылған халықаралық рейтингтердегі орнын арттырады», — деді Президент.

Кілтсөздер: , ,




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑