ХҚО-дағы жылу сыйлау дәстүрі - Шалқар газеті
banner-top12

Цифрланған әлем

Уақыты 10 сентября, 2020 | қосқан shalqar | 80 рет оқылды

0

ХҚО-дағы жылу сыйлау дәстүрі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалында жаңа дәстүр, яғни,  мамандар  қызмет алуға келген әрбір жанға жылулық сыйлап жатыр. Қазіргі кезеңдегідей күдігі мен үміті қатар тұрған алмағайып кезеңде ХҚО көңілдерге бір сәттік болса да қуаныш сыйлап, болашаққа деген күдігін сейілтіп келуде. Оған дәлел ХҚО туралы қызмет алушылардың  жылы сөздері.

Кішкентай Лейла бүгін ата-анасымен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы Медеу аудандық ХҚО-ға бірінші рет келді. Ата-анасы қызына төлқұжат жасатып, шетелге саяхатқа шықпақ. ХҚО-дағы аға-апалары оған құрмет көрсетіп, сыйлықтар ұсынуда. Өмірінің алғашқы қадамдары осындай қуаныш пен шаттықтан басталып жатқан кішкентай ару, алдағы өмірінің барлық сәтін осылай елестетеді. Себебі, айналасы сондай өмір сыйлауда. Осындай ертегі әлеміне, жарқын болашаққа жетелер ХҚО сынды мекемелер де мол болғай!

Жетісу ауданының түрғыны, үшінші топтағы мүгедектігі бар Қайрат Әбілев те өзінің туған күні екенін ХҚО-ға келіп қызмет алып отырып білді. Қайраттың құжатын рәсімдеп жатқан оператор, әріптестерімен бірге орындарынан тұрып, қол соғып құрмет көрсетті.
«Мен үнемі осы қажеттілігі бар жандарға арналған терезеден қызмет аламын. Мамандар кішіпейіл, ізетті, құрметтерін аямайды. Бүгінгі құрметтері тіптен ерекше болды», — дейді таңданысын жасырмай.

⠀ «Жолы болғыш жандарды жақсы көрем. Өзімді де солардың қатарынанмын деп есептеймін», — дейді Динара есімді бойжеткен. Бүгін кәмелет жасына толған жеке куәлігін алуға келген екен.

«Мұндай құрметті күтпеген едім. Қуанып тұрмын. Мұны алдағы өміріме ақ жол деп жорыдым. Түрксіб аудандық ХҚО мамандарына алғысым шексіз», — дейді ол.

«Мына көрініс сырттан қараған адамға да қуаныш сыйлайды екен. Орталық қызметкерлері қолдарына шар, шағын сыйлықтарын алып, алғашқы рет құжат, яғни паспорт, жеке куәлік т.б құжат түрлерін алып жатқан азаматтарға сыйлап жатыр. Керемет емес пе!? Қызмет алушылар да, оларға құрмет көрсетуші мамандар да мәз! Дәл қазіргі уақытта мұндай қарым-қатынас керек-ақ!» — дейді Бостандық аудандық фронт-офистен қызмет алуға келген Айдана Кәрімова.

«Азаматтарға арналған үкіметтің барлық фронт-офис қызметкерлері қызмет алуға келген азаматтарға ерекше көзқараспен қызмет көрсетуде. Оларға бір сәттік болса да қуаныш сыйлап, көңілдерін көтеруге тырысудамыз. Мұны ХҚО-ның жаңа дәстүрі десек те болады. Мақсатымыз – әрбір жанға жылу сыйлау. Адамдардың бәрі көңілді жүрсе, өміріміз де нұрланып, бар қиындық ұмытылмай ма?!», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

Бұл күндері ХҚО-лардан қызмет алған – жас аналарға да, алғаш рет жеке куәлігін алып жатқан жастарға да, зейнеткерлікке шығып жатқан қарияларға да бұл қуаныш үстіне қуаныш сыйлауда.
Бір-бірімізге жылу сыйлап, қуантып жүрейік!




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑
  • Соңғы жазбалар

  • Свежие комментарии

  • Архивы