«Азаматтарға арналған үкімет» ме..." /> ХҚО-ДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ - Шалқар газеті
banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 12 марта, 2021 | қосқан shalqar | 389 рет оқылды

0

ХҚО-ДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы Әуезов аудандық фронт-офисінде филиал басшылығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мамандары және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті.

   Шара қала тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді алудағы түйткілді сұрақтарына жауап беру, құқық бұзушылықтарға төзбеу қағидатын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

    Қоғамдық қабылдауға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Данияр Қырықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Мақсат  Жаңбыршиев, ҚР Үкіметі жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы ККО мүшесі,»Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚК мүшесі, «Подранки» – «Шарасыздар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Тобатаева, сондай-ақ, филиалдың Заңды және жеке тұлғалармен жұмыс және электрондық іс макеттерін бақылау басқармасының басшысы Нәйла Мұхаметқалиева, Техникалық байқау басқармасының басшысы Мәди Молдағазы, Жер кадастры басқармасы басшысының орынбасары Жандос Далдабаевтар қатысты. 

 

     «Біз фронт-офистердегі қызмет алушылармен жиі кездесіп, мемлекеттік қызмет ұсынуда олардың пікір, ұсыныстарын біліп отырамыз. Енді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен қоғамдық қабылдауды бастап отырмыз. Қоғамдық ұйымдар халық пен биліктің көпірі ретінде, тұрғындардың қажеттілігін, мұң-мұқтажын жақсы біледі. Сондықтан, халыққа қызмет ұсынуда бірлесе әрекет етуді мақсат етіп отырмыз. Бұл шара тұрғындарға қаншалықты пайдалы болса, олардың сын-ескертпелері арқылы біз де қызмет ұсыну үдерістерін жетілдіре беретін боламыз», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

        Қабылдау барысында Әуезов ауданының тұрғындары мемлекеттік қызмет алуға қатысты сұрақтарына жауап алды. Аудан тұрғыны Гүлнар Бұгыбаева толық емес отбасы ретінде үй кезегіне тұру жолын сұраса, Алена Метелева ЖШС-ін жабу жолын, Раиса Дигай оңалту бойынша біржолғы төлемдер туралы, Әсел Мамерова пәтер құжаттарын қалпына келтіру, Андрей Карпович мемлекеттік актіні электрондық форматта алу, Қайрат Сүркетаев кондоминиум мәселесі.бойынша сұрақтарына жауап алды. Ал, Людмила Казко тұрғылықты мекенжайының өзгерістеріне қатысты сұраққа жауапты кімнен алу керектігін анықтап алса, Рима Кожмуратова  пәтерінде тұрған бұрынғы тұрғындарын тіркеуден шығарудағы мәселелерінің шешімін тапты.

          Қабылдауға әдейілеп келген қала тұрғыны Гүлмира Оразалиева ХҚО қызметкерлері атынан телефон соғатын алаяқтардың пайда болғанын ескертуге келіпті. ХҚО қызметтерінің электронды нұсқада екенінен хабардар болғандықтан, алаяқтар алдауына түспедім дейді ол, өз басынан өткен жағдайды баяндап. Телефон шалынған нөмірді тексеріп көрген ұйымдастырушылар, алаяқтар екеніне көз жеткізіп, оған тез арада құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес берді.

     «Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, азаматтық қоғамды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауға тартып отырмыз. Шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз — мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету», — дейді Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы департаментінің өкілі Мақсат Жаңбыршиев.

       Мұндай қоғамдық қабылдаулар қаланың әрбір ауданындағы фронт-офистерде (ХҚО) апта сайын өтіп тұрады дейді ұйымдастырушылар.

   Шараға қатысқан ҚР Үкіметі жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы ККО мүшесі,»Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚК мүшесі Тобатаева Ғалия Ғаббасқызы, қоғамдық қабылдаудың нәтижелі өткенін, көптеген жүгінушілер сұрақтарына жауап алып, мәселелерінің шешілуіне әсер еткенін айтады.

         Іс-шара барысында 50-ге жуық қызмет алушының сұрақтары тыңдалып, кейбір мәселелерді Департамент өз құзіретінің шегінде бақылауға алды.Сұрақтардың басым көпшілігі әлеуметтік саласына, жер және құжаттандыру мәселелеріне қатысты болды.

     Келесі қоғамдық қабылдау арнайы бекітілген кестеге сәйкес, Марков көшесі, 44 мекенжайындағы Медеу аудандық фронт-офисте (ХҚО) 18 наурыз күні өтеді.

   Мемлекеттік қызмет алуға қатысты толғандырған сауалдарыңыз болса, қоғамдық қабылдауға келіңіз!




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑