banner-top12

Цифрланған әлем

Уақыты 10 сентября, 2020 | қосқан shalqar | 75 рет оқылды

0

ХҚО-ның байқампаздығы

9 қыркүйек күні көші-қон бөлімінің қызметкерлері келушілерді Тәуелсіздік күнімен құтықтады, деп хабарлайды shalqar.kz.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК» Алматы қаласы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі көші-қон бөлімі мамандары Тәжікстан Республикасынан келген азаматтарға арналған ерекше мерекелік шара өткізіп, қызмет алушыларды қуантты.

«Елінен тыс жүрген азаматтар, өз елінің Тәуелсіздік күні мерекесін сезінсін деген мақсатта ұйымдастырған едік. Әрбір азамат өз елінің ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күнін ерекше дәріптейтіні сөзсіз емес пе?! Сол шетелдік азаматтарды мерекелерімен құттықтап, қуаныш сыйлағымыз келді» — дейді бөлім басшысы Тимур Қоқамбаев.

«Біз мұндай құрметті күтпеген едік. Әдеттегідей құжат мерзімін создыруға келгенбіз. Орталық мамандары еліміздің мерекесімен құттықтап, сол елдің азаматы ретінде біздерге гүл сыйлап, құрмет көрсетті. Қызмет көрсету залдарын да біздің құрметімізге мерекелік безендіру жасапты. Елімізді сағынып жүрген едік, көзімізге қуаныштан бір жылап алдық», — дейді Дилорам Абассова.

9 қыркүйек күні, бөлімге келген Тәжікстан азаматтары өздеріне көрсетілген осындай зор құрметке алғыстарын білдірді.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑
  • Соңғы жазбалар

  • Свежие комментарии

  • Архивы