banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 7 сентября, 2021 | қосқан shalqar | 98 рет оқылды

0

ХҚО-ға бару үшін алдын ала жазылу талабы алынып тасталды

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулысы бойынша ХҚО-ға бару үшін міндетті түрде алдын ала жазылу (брондау) талабы алынып тасталды.

Осыған байланысты, Мемлекеттік корпорация коронавирустық инфекцияның таралу қаупін барынша азайту мақсатында Қазақстан Республикасы бойынша Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысын дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі, жексенбі күндері  демалыс ретінде, бірыңғай кесте енгізу туралы шешім қабылдады.

«Алматы қаласында Алмалы ауданы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй мекенжайында орналасқан Халыққа қызмет көрсету бөлімі, сондай-ақ Алматы қаласы, Алатау ауданы, Саялы  шағынауданы, Аққайнар к-сі, 1 үй, мекенжайында орналасқан №1 мамандандырылған ХҚО бөлімдері, мемлекеттік қызмет көрсету үшін, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейінгі жұмыс кестесімен кезекші бөлімдер ретінде жұмыс істейді», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Ермек Бекжүнісов.

Сонымен қатар, филиал басшылығы санитарлық қауіпсіздік шараларын ұмытпауды, ХҚО-ға келгенде бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұрайды.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑