banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 3 июня, 2021 | қосқан shalqar | 144 рет оқылды

0

Шетелдіктер елге келмей ақ кәсіп аша алады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, — деп хабарлайды Shalqar.kz.

«Бұған дейін шетелдегі қазақстандықтар үшін Egov порталы арқылы қызметтер алу қиындық туғызған болса, бүгінде порталдағы 5 қызметті қол жетімді қылдық. Айталық, туу туралы куәліктен бастап ЖСН т.б құжаттарды портал арқылы тапсырып, дайын болған кезде консулдықтардан алып кете алады. Президент тапсырмасына сәйкес біз Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп инвестицияны дамыту бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Осылайша біздің шетелдегі азаматтарға қызметті көрсету ғана емес тіпті шетелдіктер үшін портал арқылы бизнес үшін жағдай жасалуда. Бұл қәзіргі пандемия жағдайындағы жұмыстар. Мысалы шетелдік азамат елімізде өз бизнесін ашқысы келсе оған тиісті құжаттарын тапсырған соң ЭЦК және ЖСН беріледі. Сол арқылы елге келмей ақ кәсіп аша алады» , — деді министр.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑