banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 3 февраля, 2021 | қосқан shalqar | 155 рет оқылды

0

«Шымкент BUS» компаниясы жүргізушілерінің жалақысы 200 мың теңгеге көтерілмек

«Шымкент BUS» компаниясының 300-ге жуық жүргізушісі мен кондукторлары жұмысқа шығудан бас тартты. Олардың басты талабы – жалақы көлемін көтеру.

Наразылық білдіргендермен қала әкімі кездесіп, мәселені шешуге уәде берді. Екі тарап арасында жүргізілген келісімнің нәтижесінде жүргізушілердің жалақысы – 200 мың теңгеге, ал кондукторлардың айлығы – 100 мың теңгеге көтерілетін болды.

«Шымкент BUS» компаниясының алдында жиналған 300-ге жуық көлік жүргізушісі мен кондукторлар жұмысқа шығудан бас тартып, жалақымыз көтерілсін деп талап қойды.Айтуларынша олар бұл мәселені былтырдан бері басшылыққа көтерумен келеді екен. Себебі алатын жалақылары еңбекті ақтамайды. «Алайда басшылық тараптан еш жауап болмады»,- дейді олар. Мәселені жауаптыларға жеткізу үшін осылайша наразылық білдіруге жиналыпты.

Мақсат Аманқұлов, №152 бағыттағы автобус жүргізушісі: «Адам деп қабылдамайды  компанияның басшысы. Барлық ақшаны тапсырамыз. Мен Қазығұрттан келіп жұмыс істеймін, күнде  таксиге 5 мың теңге кетеді. Орташа айлық 150 мың теңгенің шамасында, оның 40-50 мың теңгесі қолымызға тисе жақсы. Көп ұстайды».

«Жүргізушілердің жанайқайы орынды»,- дейді осында жиналғандар. Кондуктор Айгүл Сәлімбаева «компания басшылығының талаптары жоғары, айыппұл 5 АЕК басталады, бірақ жүргізушілерге жағдай жасамайды. Жоспарды орындау 27 мың теңге, оны қайдан аламыз? Жұрттан билетті есептемейді. Тағы ақша береміз. Ол валидациядан тек. Жол апаттарының басым бөлігі осы жоспардың кесірінен орын алады. Бәрі жоспарды орындаймыз деп жын қуғандай айдайды. Бір бірімен жарысып. Бәрі де жоспарды орындау үшін…»,- дейді.

Шымкент әкімдігі жүргізушілер 300 мың теңге көлемінде еңбекақы берілуін талап етті деп отыр. Наразылық білдіргендерді сабырға шақыруға қала әкімінің өзі келді. Жүргізушілер мәселесін тыңдаған шаһар басшысы мәселені шешуге ықпал жасаймыз деп уәде берді.

Дереккөз: https://kz.otyrar.kz/2021/02/shymkent-bus-kompani%d1%8fsy-zhurgizwshilerinin-zhalaqysy-200-myn-tengege-koterildi/




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑