banner-top12

Әлем жаңалықтары

Уақыты 22 января, 2021 | қосқан shalqar | 127 рет оқылды

0

Эпидемиолог: «Ковид мутацияланды, бұл жолы балаларды зар қақсатады»

Мэри университетінің эпидемиология бойынша аға оқытушысы Деепти Гурдасани коронавирустың «британдық» штаммының қаупі туралы айтты.

Оның айтуынша, коронавирус мутацияланды, ол балаларға зиян. Әсіресе 19 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге жұқпалы болып келеді, осы жас тобында симптомдары тууы мүмкін.

Гурдасани балалар мен жасөспірімдер арасында жұқпалы аурудың көбеюіне байланысты коронавирустың бұл штамы ересектерге тез өтіп, SARS-CoV-2 тез таралуына және жаңа өлімге әкелетінін атап өтті.

Маман бұл тұжырымдады ескере келе, қазірден бастап шара қолдануға шақырды.

Коронавирустың қауіпті мутациясы алғаш рет қыркүйекте Ұлыбританияда табылды. Премьер-министр Борис Джонсон жаңа штам 70 пайызға жұқпалы болуы мүмкін деді. Қазіргі уақытта коронавирустың жаңа түрі 18 елде, соның ішінде Қытайда анықталды.

Қазірде 50-ден астам ел Ұлыбританияға рейстерін жапты. Елде коронавируспен ауыру санының өсуіне байланысты жаңа штамның пайда болуы жағдайында критикалық жағдай қалыптасты.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑