banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 2 февраля, 2023 | қосқан shalqar | 138 рет оқылды

0

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алу үшін банк шарттары аталды

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алу үшін банк шарттары аталды.

Бағдарлама бойынша несиенің ең жоғары сомасы — 10 миллион теңге.

Банк несие өтінімдерін мақұлдау кезінде шешім қабылдайтын және өтініш берушіге кепілдік хат беретін негізгі критерийлер:

төлем қабілеттілігі — кейінгі 6 айда үздіксіз зейнетақы жарнасының болуын қамтамасыз ету қажет;

несие тарихы — несиелер бойынша төлемді кешіктірмеу қажет;

қарыз жүктемесінің коэффициенті — қарыз алушының отбасын асырау шығыны және ағымдағы міндеттемелер бойынша төлемдерді ескере отырып, өз міндеттемелерін төлеу мүмкіндігін бағалайтын көрсеткіш.

Банкке хабарласпас бұрын қарыз алушы autonesie.kz порталында тіркеліп, кейін автосалонда төлемге шот-фактураны алып, одан кейін банкке келіп, өтініш беру керек.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑