2021 жылдың сәуір айында ..." /> Қазақстандықтар бір айда 2800-ге жуық алтын құйма сатып алды - Шалқар газеті
banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 19 мая, 2021 | қосқан shalqar | 109 рет оқылды

0

Қазақстандықтар бір айда 2800-ге жуық алтын құйма сатып алды

2021 жылдың сәуір айында қазақстандықтар екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 94,5 кг 2 767 құйма сатып алды.Бұл туралы  Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық Банк халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын 2017 жылы қолға алған болатын. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері жалпы салмағы 1,88 тонна 52 967 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалардың бес түрі ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы іске асырылғалы халық арасында ең көп сұранысқа ие болғаны – 10 грамдық құйма. Жалпы сатылымдағы оның үлесі 31% – 16 074 дана. Одан кейін 100 грамдық құйма – 11 669 дана (22%) және 20 грамдық құйма – 11 275 дана (21%), 5 грамдық құйма – 8 072 дана (15%), 50 грамдық құйма – 5 877 дана (11%). Негізінен өлшенген құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие.

Алтын құймалар сенімді инвестициялық құрал бола алады. Банктер мен банктік емес айырбастау пункттерінің клиентке ақшасын төлеп, құймаларды «күнбе-күн» сатып ала алатын мүмкіндігі – алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етуде негізгі факторға айналып отыр. Бағдарлама іске қосылған уақыттан бері жалпы салмағы 4,2 кг өлшенген тек қана 147 құйма сатып алуға қабылданды. Бұл, әрине, алтын құймалардың ұзақ мерзімді инвестициялау мен жинақтау құралы болып табылатынына байланысты.

Әр құйма қорғаныс элементтерімен (құймалардың айна беті, микротекст және рельефтің шеті), құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын және пакеттің ашылған-ашылмағанын тексеруді жеңілдететін арнайы қаптамада шығарылады. Қорғаныс қаптамасы, сонымен қатар, құйманың сапа сертификаты бола алады. Сондықтан құйманы сақтағанда мұқият болып, ораманы ашпаған жөн.

Қазіргі уақытта алтын құймаларды Halyk Bank-те, Еуразиялық банкте, Jýsan Bank-те, Банк ЦентрКредитте, сондай-ақ банктік емес айырбастау пункттерінде сатып алуға және сатуға болады.
Алтын құймалар сенімді инвестициялық құрал бола алады…




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑