banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 22 сентября, 2021 | қосқан shalqar | 147 рет оқылды

0

Қазақстанға жаңа +997 дэф коды белгіленді

БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, қазір тиісті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр.

«Қазақстан +997 кодын алғаннан кейін де 702 және 705 деген операторлардың кодттары өзгеріссіз қалады. Осы кодтар арқылы нөмерді актив немесе билайн екенін анықтауға болады. Яғни ұялы телефон нөмірлері +997 702 (немесе 705) деп басталады.

Бүгінге дейін қолданылып келген +7 коды Ресей мен Қазақстанға ортақ болды.

Кейбір елдер Қазақстанды Ресеймен шатастырып жатады. Қазір шетелден Қазақстан абонентіне қоңырау шалу үшін +7 коды теріледі. Ресей арқылы шықпайды, тікелей Қазақстан абонентіне шығады, себебі Ресей Федерациясымен келісімшарт жасалған, тек +7 коды ғана ортақ қолданылады, ал нөмір ресурстары әр елге бөлек бөлінген.

DEF кодтарды басқа елдер бізден бұрын алып қойған. Өзбекстан, Қырғызстан елдері КСРО тараған кезде +998, +996 сияқты жаңа халықаралық кодқа көшті. Ал сол кездегі шешім бойынша Қазақстан +7 аймағында қалды.

Қазақстан жаңа кодқа 2023 жылдың қаңтарынан бастап көшеді. Екі жыл ескі кодпен қатар жүреді. 2025 жылы толықтай жаңа кодқа көшеді деп күтілуде.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑