Сіз ..." /> Қазақстан тауларын білесіз бе? - Шалқар газеті
banner-top12

Айтарым бар

Уақыты 29 октября, 2020 | қосқан shalqar | 195 рет оқылды

0

Қазақстан тауларын білесіз бе?

Сіз Қазақстан географиясымен қаншалықты тансыссыз? Туған жеріңіздің әр тасын танисыз ба? Ал,кең байтақ отанымыздағы тау жүйелері жайында не білесіз? Егер, ол жайында білгенім аз десеңіз осы мақаланы оқыңыз. Бүгін біз Қазақстан таулары жайында сөз қозғаймыз.

  1. Тянь-Шань таулары. Қазақша біз оны Алатау дейміз. Бұл еліміздегі ең биік әрі ең үлкен тау жүйесі. Қытай тілінде «Тянь-Шань» сөзі «Тәңіртау»деген мағынаны береді екен. Бұл таудың құдіреттілігін тек қана біз емес, көрші жатқан Қытай елі де терең түсінсе керек. Алатаудың бізге тек солтүстік сілемдері ғана қарайды. Көп бөлігі Қырғызстан,Тәжікстан және Қытай территорисында орналасқан. Қазақстан аумағындағы ең биік нүктесі — Хантәңірі шыңы. Десек те, бұл шың толығымен қазақ тарапына қарамайды. Ол үш мемлекеттік шекараның түйіскен тұсында орналасқан. Ал, жалпы тау жүйесіндегі ең биік нүкте қырғыз жеріндегі «Жеңіс» шыңы (7439 м.).
  2. Алтай таулары. Күллі түркі дүниесінің бесігі саналатын Алтайдың да тек батыс бөлігі қазақ даласына сұғынып жатыр. Бұл тау жүйесін төрт мемлекет бөлісіп отыр. Олар: Қытай,Моңғолия,Ресей және Қазақстан. Бір қызығы, тауды төрт жағынан да этникалық қазақтар мекендейді. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Тау жүйесінің ең биік шыңы — Мұзтау (Ақсүмбі, Ақтайқы) (4506 м). Осы тұстан бастап таулар жан-жаққа қарай біртіндеп аласарады. Орташа биіктігі 1500-2000 м. Таулардың үсті жадағай, тегіс, тек кей жерлері ғана дөңес, ал беткейлері тік келеді.
  3. Тарбағатай. Шығыс Қазақстан аумағында ораналасқан Тарбағатай тауларының ұзындығы 180 шақырымды құрайды. Көп бөлігі Қазақстан жерінде. Ең биік нүктесі —Тастау шыңы. Биіктігі  2992 м. Тарбағатай таулары Алатау мен Алтайдың арасында орналасқандықтан табиғаты екеуіне де ұқсас болып келеді. Таудың ірі өзендері ретінде Аягөз бен Үржарды атасақ болады.
  4. Ұлытау. Сарыарқаны оңтүстік-батысында орналасқан аласа таулы массив. Әрине, Алатауды көрген адам бұл тауды менсіне қоймауы мүмкін. Бірақ, талай тарихи оқиғаның куәсі болған Ұлытауды қазақ баласы қасиетті санайды. Оның ең биік шыңы Ақмешіттің биіктігі 1133 метрді құрайды. Бұл жерде Алаша мен Жошы хандарға арналған ескерткіш бой көтерген. Ноғай ордасының әйгілі бегі Едіге де осы тауда жер қойнына берілген деген аңыз бар.
  5. Көкшетау. Сұлулығымен сансыз ақынның жырына арқау болған Көкшетаудың терістігі мен түсітігі небәрі 20 шақырымды құрайды. Ең биік жері–Көкше шоқысы. Оның биіктігі 947 метр. Қазіргі елордамыздан солтүстікке қарай 200 шақырым жерде орналасқан.
  6. Орал таулары. Қазақстанның батыс өңіріндегі өте көне тау жүйесі. Есте жоқ ескі замандарда бұл тау Алатау секілді асу бермес биік болған деседі. Табиғат эрозиясысының салдарынан тау өзгеріске ұшыраған. Сонымен қатар бұл тау Азия мен Еуропаның арасындағы географиялық шекара деп қарастырылады. Қазақстандағы бөлігін жергілікті халық Мұғалжар деп атайды. Ең биік жері Үлкен Боқтыбай нүктесі. Биіктгі 657 метр.
  7. Үстірт тауы. Маңғыстау жерінде орналасқан дөңесті аймақ. Аумағы 200 мың шаршы шақырымды құрайды. Көп бөлігі Қазақстанда. Шығыс аймағы Өзбекстанға қарайды. Ең биік нүктесі оңтүстік-батысындағы Мұзбел жоны (341 м.).




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑